Түркістан қаласының полиция басқармасының ұйымдастыруымен “Қауіпсіз қала” жобасы аясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінің директорларының және 300-ге жуық спорт мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында спорт мамандарының бала тәрбиесіндегі және күнделікті өміріндегі орны жайлы сөз қозғалып, қоғамға Еліміздің нағыз қорғаны болатын мықты азаматтарды тәрбиелеп шығару туралы ой-пікірлер талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шаһар жастарына жарқын болашақ сыйлау үшін спорт секцияларына келіп жүрген қала тұрғындары мен жастардың арасында құқық бұзушылақтардың алдын алу. Осыған орай, жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Құдияров өз ой-пікірімен бөлісті.

Расында, кейбір бапкерлерді балалар өз әкесіндей көреді, оларды үлгі тұтады. Олардан ақыл-кеңес алып, өз ойларымен, болашаққа деген мақсаттарымен бөліседі. Сол себепті, спорт мамандарының бала тәрбиесіне қосатын үлесі мол деп білеміз. Алдағы уақытта жастарамыздың жарқын болашағаның іргетасын қалауға бірігіп ат салысайық.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.