Өткен айда ҚР ІІМ-нің орынбасары Ержан Саденов қызметтік іс-сапармен Түркістанға келді. Қасиетті мекенге келген құрметті қонақты Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қарсы алды. Е.Саденов қызметтік сапарын департаменттегі арнайы мақсаттағы қызметтік көліктерді тексеріп, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылаудан бастады. Одан кейін Жедел басқару орталығының қызметімен танысты. Сондай-ақ, жаңадан іске қосылған «Қорғау» бағдарламасының жұмысын қадағалады.

ЖБО-ның бастығы полиция подполковнигі С.Бахтығалиев: «Түркістан облысында 1400-ден астам бейнебақылау камерасы бар. Оның 1126-сы Жедел басқару орталығына қосылған.

Жыл басынан бері осы камералардың көмегімен 63 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 115 қылмыс ізі суымай ашылды. Ал «Қорғау» бағдарламасымен қарқынды жұмыс жасалуда деп айта аламыз. Мәселен, айыптұраққа 1100-ден аса көлік қойылды. Жалған мемлекеттік нөмір таққан 21 көлік анықталды. Темір тұлпар тізгендеуге құқығы жоқ бола тұра, басқарған 104 дерек тіркелді. Жалпы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын сақтау, жол-көлік оқиғаларын азайтуда бейнекамералар өз септігін тигізуде. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстағы 951 мектепке 11 мыңнан астам камера арнатылды. Оның 5 мыңнан астамы ЖБО-ға қосылған. Одан бөлек мектептерге 515 дабыл батырмасы қойылды»-деп атап өтті. Сондай-ақ, полиция генерал-майоры Е.Саденов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен кездесу өткізді. Мұнда ІІМ-нің орынбасары, Мемлекет басшысының 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен айтылды. Ондағы Ішкі істер министрлігіне қатысты айтылған тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізіп:

«Жолдаудағы бесінші бағдар: «Заң және тәртіп» – тікелей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға бағытталған. Елімізде алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы, басқа да қылмыстарды болдырмау, алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. Әсіресе профилактикалық іс-шараларды көбейтіп, құқық бұзушыларды қатаң бақылауға алыңыздар. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруды да күн тәртібінен түсірмеңіздер!

Ашық, қолжетімді полиция қағидатын іске асырып, «Жаңа Қазақстан» құруда бірлесіп қызмет етейік!»-деп атап өтті.

Бұл бойынша Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов, жедел шаралар уақтылы іске асып, Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар нәтижелі атқарылатынын жеткізді.

Өз кезегінде жеке құрам Жолдауға қолдау білдіріп, қарқынды қызмет етуге уәде етті.

Кездесуден кейін іссапар, облыс орталығындағы маңызды нысандарды аралаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар ҚР ІІМ-нің орынбасары Е. Саденов, Полиция департаментінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Полицейлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан қалалық полиция басқармасының  бастығы Бауыржан Селтанов Түркістан қаласы полиция басқармасының 2020 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы өткен апталық мәжілісте  баяндаған болатын.

Жалпы есеп беру кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың денгейі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 918-ден 683-ке немесе 25,6 пайызға, оның ішінде криминалдық полицияға қарасты бағыттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың да деңгейі өткен жылдың 8 айында 843 фактісінен биылғы 620-ға немесе 26,4 пайызға төмендеген.

Қала көлемінде орын алған барлық ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны былтырғы 153 фактіден биылғы 210 фактіге өсіп, олардың ашылу деңгейі өткен жылдың 8 айындағы 84,9 пайызды құраса биыл 71,8 пайыз, оның ішінде ауыр қылмыстардың ашылуы 71,7 пайыз ал, аса ауыр қылмыстардың ашылымы 75 пайызды құрап отыр.

Баяндамада сөз етілген көрсеткіштер бойынша Рашид Абатұлы сын айтып, жергілікті полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылуы тиіс профилактикалық іс-шараларға аса көңіл бөлу маңызын алға тартты. Қарапайым халыққа зиян келтіріп жүрген қылмыскерлерді дер кезінде тоқтату үшін полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруды, қажетті қосымша шаралар жасалуы қажеттілігін айтты.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев жеке құрамның дайындығы мен  даярлығын тексеру мақсатында саптық жиын өткізді. Іс-шара ең алдымен мемлекеттік ән ұранмен басталды. Шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы қызметкерлері қатысты.

     Саптық жиын барысында тергеу бөлімінің, патрульдік полиция ротасының және жеке құрам қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қызметкерлердің азаматтармен әдепті сөйлесуі, халықпен дұрыс қарым-қатынас орнату,  сервистік полиция жұмысын жандандыру, қызметтік форма тазалығы, киім кию үлгісі, тәртіпке қатысты ескертулерге баса назар аудару керек екені айтылды.

Естеріңізде болса, «13 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы орта мектеп мұғалімін полиция бөліміне жеткізу фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қалалық Полиция басқармасы басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тергеу кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің мұғалімге қатысты іс-әрекетінің қаншалықты заңдылығына баға беріледі. Сондай-ақ Түркістан қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының лауазымын асыра пайдалану фактісінің бар-жоғы анықталады» делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаменті басшысының бұйрығымен Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Данияр Мейірхан қызметтік тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді.

Еске сала кетейік, Түркістанда Мағжан Жұмабаев атындағы №15 орта мектептің мұғалімі Бақыт Кеукенов «әжетхана күзетпегені үшін» жазықты болған еді. 31 жылдық өтілі бар ұстазды қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полицей ұстап әкеткен. Мектеп директоры К. Әбдіқадырованың жазуынша, мұғалім аяқ киімінен су өткен соң соны ауыстыру үшін мектеп ғимаратына кірген. Алайда полицейлер қарсылық көрсеткеніне қарамастан ұстаздың қолын қайырып, бөлімшеге алып кеткен. Кейін бұл жағдайды естіген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімге араша түсті.

Мысалы, Түркістан облысының Полиция департаменті полицейлердің адамды азаптап жатқаны туралы видеоға қатысты түсініктеме берді. 

Ведомствоның хабарлауынша,  Сауран ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын құны 100 мың теңге болатын екі қойын ұрлап кеткенін айтып, шағым түсірген.

«Полицейлер 2 күдіктіні анықтаған. Сотқа дейінгі тергеу толық көлемде жүргізілді, алайда қылмыстың дәлелденбеуіне байланысты іс тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Сауран ауданы  полиция бөлімінің қызметкерлері «күдіктілердің полицейлер азаптады деген айыптауы сол күні тексерілгенін» мәлімдеді.

«Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына тапсырма беріп, қылмыстық іс қозғалды. Биыл ақпанда полицейлерге қатысты қылмыстық іс  заң талаптарына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды», – деп атап көрсетілген ақпаратта.

 Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының полиция бөлімінде түсірілген видео тарады. Онда 34 жастағы жергілікті тұрғынның жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі. Белгілі болғандай, полицейлер 34 жастағы ер адамды мал ұрлады деген  күдікпен  аудандық полиция бөлімшесіне алып келген. Өзінің айтуынша, оның басына полицейлер полиэтилен пакет кигізіп, әбден ұрып-соғыпты. Сондағысы жоғалған екі қойды оның мойнына ілгісі келген көрінеді. Оқиға биыл 8 ақпанда болған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.