Түркістан қаласында 31 жастағы ер кісі түнгі уақытта масаң күйде бөтен адамның тұрғын үйіне есіктен кіріп, иесінің үйден шығуды талап етуіне құлақ аспай, онымен төбелесіп, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.

Аталған факті бойынша Түркістан қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс күш қолданып заңсыз басып кiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесінде қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберген.Түркістан қалалық сотының 06.10.2022ж. үкімімен бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.

Түркістан қаласының прокуратурасы заңсыз атыс қаруларын сақтады деген айыппен Түркістан қаласының тұрғыны 1994 ж.т. Э.Жақыповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Ағымдағы жылдың жаз айында жол патрульдік полиция қызметкерлері бір автокөлікті тоқтатқан сәтте жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Полиция қызметкерлері автокөлікті қуалап ұстаған сәтте оның ішінде жолаушы ретінде болған Э.Жақыповтың қалтасынан екі атыс қаруы табылған.Тергеу нәтижесімен Түркістан қаласының полиция басқармасының тергеушісі соңғының іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.