Түркістан қаласының полиция қызметкерлері жасөспірімдер санасын улайтын ақпараттар мен теріс ағымдармен аяусыз күресіп келеді.

Ғаламтор ғаламды шарпыған алпауыт күшке айналғалы қашан. Әлемнің кез келген түкпірінде жүріп өзге мемлекеттегі таныстарыңмен байланыс орнатып беретін де, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын да осы ғаламтор. Алайда интернеттің адам баласына тигізер әсері күн санап арта түсуде. Әсіресе, буыны бекімеген балалар мен жасөспірімдерге тигізер кесірі көбейе бастағанын байқап жүрміз. Оның үстіне, статистикалық деректер ғаламторды ересектерден гөрі жасөспірімдердің көп қолданатындығын дәлелдеп отыр.

Бүгінде бала ата-анасын мазаламастан тыныш отырсын деген кез келген жан бүлдіршіннің қолына смартфон ұстатып қояды. Біз осылайша балаларды ғаламторға байлап беріп, сүзгіден өтпеген, талғамсыз, тіпті, зиянды ақпараттармен бала санасын улап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалудамыз.

Ислам дінінің атын жамылған деструктивті діни ағымдардың өкілдері кeз-келген бағыт бойынша, соның ішіндe ғаламтор арқылы да жастардың санасын улап, қоғамда іріткі салып бағуда. Қоғамға дендей eнген интернеттің, әлеуметтiк жeлінің пайдасымен қоса зияны да бар. Таяу Шығыстағы лаңкестік әрекеттeрімен танылған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы әлeуметтік медиа және ғаламторлық тeхнологиялық қосымшаларды пайдалану арқылы өзге елдерден келген содырлармен қатарын көбейтті. Әлем бойынша ұйымдарға қосылушылардың 80%-дан астамы – ғаламтор арқылы арбалғандар. Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартады.

Радикалды ағымдар көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Tapatalk», «Одноклассники», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok» әлеуметтік желілерін жастар арасында кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерді қолдануда. Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеп, өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Деструктивті діни ағым өкілдері жас өспірімдердің назарын аудару мақсатында түрлі форматта контент жасауда. Әсіресе, жасөспірімдер арасында танымал болған «Tiktok» әлеуметтік желісінде өз насихаттарын жүргізуде.

Контентті дайындап таратып отыратын адамдар, негізінен террористік ұйымның соғыс алаңдарында жүрген адамдары емес, деструктивті дiни ағымның жақтаушылары болып табылатын өз үйінде, компьютер алдында отырған азаматтар. «Telegram» әлеуметтік желісі сөйлесу құралынан бөлек, материалдарды шексіз сақтауға мол мүмкіндігі бар екенін білді. «Instagram» насихат жұмыстары үшін таптырмас құрал. Мұнда жат ағымның жақтастары мыңдаған тіркелушілерді тез жинайды.

Сонымен қатар, олар жихадшы-террористердің күнделікті өмірін шөл даладағы әсем көрініспен, балалардың тәтті күлкісімен, қаруларын асынып, тату-тәтті отбасылық суреттермен көрсетеді. Міне, осы сырт көзге бәрі «тамаша» боп көрінген суреттегі, бейнероликтегі өмірге әлеуметтік желідегі тіркелушілер арбалып, ақыр соңы алданып қалып жатады. Себебі, негiзінен жастар мен орта жас өкілдері көптеп отыратын бұл платформаларда деструктивті, радикалды идеялар тез таралып, өз діттеген мақсатты аудиториясына жетіп отырады. Бұған дәлел еліміздегі экстремизм баптарымен сотталғандардың көбі – нақ осы желілерде белсенді ақпараттық жұмыстармен айналысқандар. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әртүрлі форматта болып келеді. Радикалды діни ұйымдар түрлі тәсілмен әр санаттағы адамдарға арбау жасауда. Ғаламтор бетінде тұрмысқа шықпаған қыздарға арналған танысу сайттары белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар қайырымдылық жасау, өз парақшаларында құран аяттары мен сүннет амалдары, сауда саласында жарнамалар т.б. туралы материал жариялаумен бастайды. Аудиториясын жинап алғаннан кейін өздерінің уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Олар материалдарын сапалы форматта (бірдей фон, әр материал бірдей форматта,) дайындайды. Желі қолданушыларының назарын аударатын инфографикалық және анимациялық роликтер мен көз тартарлық дизайнды қолданады. Кейбір сайттарында халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Бірақ исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнiнде халықтың дәстүрлi діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздейді.

Деструктивті діни ағымның өкілдері өз нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Мәселен заң аясында тіркеліп, жария жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, көп шаруасын астарлы түрде істейді. Заман талабына сай QR-код арқылы өз жақтастарының қатарын арттыруда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарды алмауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды (сараптамадан өтпеген) алмаған жөн. Елімізде күмәнді бағыттағы діни ақпараттарды тарататын сайттарға әрдайым талдау жасалып, бұғаттау жұмыстары да жасалып отырады. Күмәнді контенттің дені шетелдік экстремистік уағызшылардың лекциясы. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын жат ағымдардан барынша сақтану қажет. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұлықтау арқылы да, жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалу жолындағы бір тәсіл болып табылады. Ел бірлігi мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтiретін діни ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет.

Қылмыс пен тұрмыс

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ТҮСІНДІРЕДІ

Балалардың жол апаты кезінде болатын жарақатының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту аясында Түркістан қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары облыс орталығында орналасқан Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары балаларға жолда өзін қалай ұстау керектігі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ, балалардың жолда жүру, жолда қай тұстан және қалай дұрыс өту, жол маңындағы ойындар несімен қауіпті екендігі айтылып, бағдаршам мен реттеушінің сигналдарының талаптарын сақтау ережелері көрсетілді. Мектеп оқушылары полицейлермен бірге алған білімдерін іс жүзінде жүзеге асыру үшін мектеп жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өткеліне шықты. Полицейлер балаларға жолдан өтпес бұрын міндетті түрде оң және сол жағына мұқият қарап, содан соң барып өтуге кеңес берді.

ПОЛИЦИЯ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының полицейлері уақытпен санаспай қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Мәселен, Арыс аудандық полиция басқармасы  бастығының бастамасымен, жеке құрам қызметкерлерінің қолдауы арқылы, кезекті отбасына қайырымдылық жасалды.

Аудандық тәртіп сақшылары 3 баланы өсіріп отырған Әлия Пакентаеваның үйіне арнайы барды. Күйеуі қайтыс болып, бар ауыртпалық өзіне түскен ананың қал-жағдайын біліп, аталған жанұяға күнделікті қажетті азық-түлік апарып берді.

Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлердің ізгі амалына риза болып, қызметтеріне табыс тіледі. «Арыстық полицейлер, қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын. Сіздердей қамқор, қорған болатын полицейлердің барына қуанамыз. Жұмыстарыңызға сәттілік. Осылай халықты қолдарыңыздан келгенше қуантып, тек алғысын алып жүре беріңіздер!»,- деді Ә.Пакентаева.

ЖОҒАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМ ТҮРКІСТАННАН ТАБЫЛДЫ

Сарыағаш аудандық полиция басқармасына Құркелес ауылының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша 17 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ, анасының өз баласын іздеп жүргеніне 2 тәулік болған. Алайда, еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай жоғалған бала отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара кезінде полицейлер 500-ге тарта қылмысты ашып, 7304 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жекелей айтар болсақ, аталған іс-шара аясында есірткі қылмысының – 35 дерегі тіркеліп, заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық есірткі заттары алынды. Іздеуде жүрген 12 адам табылды. Сонымен қатар, 8000-нан астам қараусыз тұрған және жалдамалы үй-жайлар мен пәтерлер тексерілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – 15 хаттама толтырылды.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасы: «Өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданының тұрғыны полиция назарына түскен. Негізінен ол бұрын сотты болған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Ұйымдастық қылмыстық топ қарақшылықпен, бопсалаумен, тонаумен, қару-жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан. Криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдастық қылмыстық топ қатысушысын анықтау бойынша жедел іс-шараларды бір жарым ай бойы жүргізді.

Бірлескен операция нәтижесінде Түркістан қалалық полиция басқармасы және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Кентау қаласынан күдіктіні ұстады. Оны қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамады. Тергеу барысында ер адамның ойын бизнесін ұйымдастыруға және оны қолдап отырғаны, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыстық топ құруға қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деп полиция подполковнигі.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Түркістан қалалық пробация қызметі, Түркістан қаласы прокуратурасы, Түркістан қаласы полиция басқармасының ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылады.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын-алу, қайта қылмыс жасауға жол бермеу және жаза өтеу шарттарын түсіндіру бағытында құқық бұзушылыққа бейім тұлғалардың тізімі анықталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – алдағы уақыттарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жәрдемдесуге бағытталған.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ

Балалардың құқығын қорғау – маңызды міндеттердің бірі. Мәжілісте қаралған заң жобасында балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, соның ішінде оларды отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау басты назарға алынатыны айтылуда.

Түркістан қаласы ата-аналар қауымдастығы бала құқығын қорғау бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда, маманның өңірімізде орын алып жатқан зорлық-зомбылыққа, оның алдын алу туралы пікірін білдік.

Балалар зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауы тоқтатуымыз керек.

– Бұл мәселелерге назар салып қарамайтын болсақ, зорлық-зомбылық тоқтамайтын болса, онда балалар үйде ата-анасынан, сыртта көшедегі үлкен балалардан, көршілерінен, мектепте мұғалімдерден жәбір көргенін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Ал сондай зорлық-зомбылықтың ортасында өскен бала болашақта өзінің әйеліне, отбасына, балаларына осы әрекеттерді көрсететін болады. Бұл біздің қоғамдағы отбасы институтына зақым келтіреді. Ұлттық құндылықтарымыз, адами құндылықтар сіңірілмегеннен кейін, ата-аналардың жауапкершілік сезімін оятпайынша, қоғам да дұрыс даму жолына түспейді. Барлық өркениетті елдерде басты көңіл балаға бөлінетіні содан – дейді ол.

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауы көбейіп барады. Статистика да жыл сайын өзгеріп келеді. Әсіресе, балалардың өзіне қол жұмсауы көбейіп барады. Түркістан қаласының өзінде былтыр ғана зорлық-зомбылық салдарынан 5-сынып оқушысы қайтыс болды. Ол республика көлемінде үлкен резонансқа айналды. Көбінесе ата-аналар балалары Whats’App-та, Вконтакте, ТикТокта қандай буллингке ұшырайтынын біле бермейді. Олардың басқа адамдардан түрлі теріс ақпарат алып, моралды, психологиялық түрде зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанынан ата-аналары бейхабар. Облыстың 80%-дан астамы көпбалалы отбасылар болғандықтан, жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында тұр. Қатты қынжылатынымыз, дұрыс қоғамда дені сау боп дүниеге келіп, зорлық-зомбылықтан, кибербуллингтен суицидке барып жатыр. Біз осындай жағдайларды болдырмау үшін бар күшімізді салуымыз керек.

Сонымен қатар балалардың құқығын қорғауды заң жүзінде қорғауға алуды да терең зерттеп келе жатқан жағдай бар.

Кибербуллинг туралы заң қабылданғанын қалаймын, ол бала құқығын қорғау деп есептеймін! Қазір тіпті ата-аналар да, балалар да өз құқықтарын қорғауды да білмейді. Әсіресе, отбасы құндылығын, бала құқығын, ана құқығын қорғайтын заңдар өте әлсіз. Биылғы жыл «Балалар жылы» болғандықтан, осы мәселелердің бәрі қолға алынғаны қуантады. Мен де осы шешімдерді қолдап, баспасөз берттеріне сұхбат, пікір беріп, өз жұмыстарымды ашық көрсетіп жатырмын. Әлі де болсын балалардың құқығын қорғау үшін жұмыс жасаймын. «Ел ертеңі – жас ұрпақ» жобасын Түркістан көлемінде келер жылы да жалғастырамыз.

Әрбір бала ешкімге жалтақтамай, жасқанбай, әлеуметтік желі арқылы болатын бопсалаулардан таза болуға лайық. Олардың қауіпсіз ортада өмір сүруге, алаңсыз білім алып, жақсы тәрбие көруге, спортпен еркін айналысуға құқылы екенін естен шығармай, әрбіріміз балалардың құқығын қорғауға ат салысайық!

Кибербуллингтің қауіпі өте жоғары. Буллинг дегеніміз – біреуге физикалық немесе психоэмоционалды зиян келтіру жасалатын агрессивті әрекеттер болса, кибербуллинг – осындай жәбірлеу, ауыр сөздер айту, бопсалау, мазақтау секілді әрекеттердің желіде көрініс табуы әлеуметтік мәселе. Сарапшының айтуынша, кибербуллингтің қауіпі өте жоғары. Себебі, ол уақытпен шектелмейді. Мәселен әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, ойын платформаларынан және ұялы телефондардағы қосымшалардан кез келген уақытта баланың психикасына зақым тигізетін дүниелер кездесуі мүмкін. Жеткіншектер үшін ондай жағдайлар үлкен трагедия боп көрініп, өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін. Осындай өзіне қол жұмсау әрекетін «суицид» деп атайды. Суицидтің «аяқталмаған суицид» деген түрі де бар. Әрекеттің бұл түрі баланың өзіне қол жұмсау кезінде ата-аналары құтқарып алған немесе дәрі ішіп аман қалған жағдайларды қамтиды.

Сондай-ақ, бір жыл бойы Түркістан қаласының көлемінде «Ел ертеңі – жас ұрпақ» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны ұйымдастырып, бала мен баланың айналасындағы адамдардың кибербуллингке қарсы қалай қимыл жасау керектігі түсіндірілді.

Жоба жетекшісі «Ел ертеңі – жас ұрпақ» әлеуметтік жобасы аясында Түркістанда сынып жетекшілеріне, педагогтарға, ата-аналарға арналған «Сыныпта буллинг пен кибербуллингты болдырмау мен алдын алу» атты семинар-тренингтер жүргізіп, жобаға жалпы есеппен 3000-ға жуық сынып жетекшілері, 1500-ге жуық әлеуметтік педагогтар, 3000-ға жуық мектеп оқушыларының ата-аналары қатысқанын айтады. Бұдан бөлек ата-аналарға арналған «Саналы ата-ана – бақытты бала» семинары аясында 30 тікелей эфир өткізіп, ата-аналардың балаларына деген көзқарасының өзгеру сатысын, нәтижелерімен салыстырғанын және осы тектес жобалардың қазіргі қоғамда маңызы зор екенін жеткізді.

ПОЛИЦИЯ ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДАН

САҚ БОЛУДЫ ЕСКЕРТЕДІ

Кейінгі уақытта жиі орын алып жатқан қылмыстың түрі интернет алаяқтық болып отыр. Осы интернет алаяқтық қылмыстарының құрбаны болмау, яғни ақша аударымдарына, жалған ұтыс ойындары мен аз уақытта ақшаны бірнеше көлемде еселеп қайтару, банк қызметкерімін деп, туысыңызда келеңсіз жағдай орын алды деп хабарласу, интернет арқылы заттар мен көліктерді сатып алу кезінде және банктік ақша аударымдары кезінде мұқият болып, оның шынайылығы мен дұрыстығына көз жеткізген соң барып әрекет ету қажет.

Мәселен алаяқ: Өнім немесе қызмет үшін ақысын алдын ала төлеуді сұрайды. Жасырын сатып алушы ақшаңызды салып жіберем деп алдай отырып, тасымал үшін қызмет ақысын сұрайды. Онлайн арқылы несие алу секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз. Әлеуметтік желілерде әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз. Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болу керек. Алдын ала төлем жасамаңыз.

Абонент нөміріңізге келіп түскен СМС кодты үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз. Әлеуметтік желілерде жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Басқа қаладан қосалқы бөлшектер мен тауарларды сатып алғанда достарыңызбен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алған өнімді тексеруді өтініңіз, әбден көз жеткізіңіз. Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз.

Сонымен қатар, ең бастысы ешкімге банк шотыңызды толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз. Осы ескертуді жадыңызда сақтап, жақындарыңызбен де бөлісе жүріңіз. Егер де, жоғарыда аталған жәйттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Түркістан қалалық полиция қызметкерлері қаржылық алаяқтармен күресін бір сәтке де тоқтатқан емес. Қарапайым халықты алаяқтардан сақтандырып келеді. Алаяқтар жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Яғни, пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.

Қаржы пирамидасының белгілері. Ол пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігін, мансаптық сатыда жылдам көтерілу туралы уәде береді. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлі тренингтер жүргізеді. Соңғы уақытта олар интернетте белсенді жұмыс істеп келеді. Өздерінің қаржылық пирамида екенін бүркемелеудің жаңа әдістерін де шығарып алған. Алайда, бірінші кезеңде нақты қаржы сомасын салу, ал екінші кезеңде – жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдістер ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесімен жұмыс істейді.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметіне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, оның қызметiн жарнамалаған адамға әкімшілік жаза да қарастырылған. Ол жеке тұлғаға 150, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 600 айлық көрсеткіш есебіндегі айыппұл қарастырылған.

Пирамида түрлері, қаржылық пирамиданың екі түрі бар: Көп деңгейлі пирамида. Көп деңгейлі пирамида да әр жаңа қатысушы алғашқы салым салады. Ол ақша оны алып келген, оны алып келуге кеңес берген адамның арасында бөліске түседі. Артынша, жаңа қатысушы да дәл сол сияқты артынан 2 адам алып келуі керек. Олардың да ақшасы дәл осылай бөлінеді екен.

Кейінгі кезде ел ішінде қаржылық пирамиданың қармағына түсіп, бар жиған-тергенінен айырылып, сан соғып қалған қазақстандықтар аз емес. Алаяқтарға алданып қалуға не себеп? Мүмкін бұл миллиардтаған ақшаны қалтаға басқан алаяқтардың кәсіби шеберлігі болар? Қазақстандықтардың қаржылық сауатсыздығы да таяқтың бір ұшына жатады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, халықтың бұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептері қаржылық-кредиттік заңнама саласындағы білімнің жеткіліксіздігі, қаржыны ұстау мәдениетінің төмен деңгейі, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауы болып табылады. Айта кетейік, бүгінгі таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзінің 39 елінде тыйым салынған. Қаржы пирамидаларына былтыр 31 мыңнан астам адам алданған болса, олардың жалпы шығыны 54 млрд теңгені құрады. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қазақстандағы қаржы пирамида-ларына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында қатты және тартымды ұрандарды ұсынады. Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптавалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер. Сондықтан қаржылық пирамидалар жаңарып отыруға тырысады. Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты ол 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады.

Егер сіз осындай алаяқтық әрекетке жолықсаңыз не істеу керек? Ең алдымен, тағы бір рет бұл компанияның қаржылық пирамида екендігіне көз жеткізу қажет. Қолындағы алаяқтарға ақша аудару фактісін растайтын құжаттар болса (келісім, банктік шот бойынша үзінді көшірме, қолма-қол ақшаны беру туралы бұйрық), пирамидаға кіргізген адамға дереу хабарласқан жөн. Егер пирамида схемасы әлі де күшінде болса, компанияға жазбаша шағым беріп, ақшаны қайтаруды талап ету қажет. Ақшаны қайтарып бермесе, қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына хабарласатын ұйымдастырушыларға, одан нәтиже болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлап, алаяқтарға ескерту қажет. Әдетте мұндай жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Алаяқтықпен күрестің маңызды сәті бұл туралы көпшілікке жария ету.

Әлемнің 30-дан астам елінде қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салынған. Оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері бар. Қазақстанда қаржы пирамидаларын құрғаны және жарнамалап таратқаны үшін мынадай жауапкершіліктер қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік – қаржы пирамидасын құру және (немесе) басқару үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 217- бабы), әкімшілік-қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жасау, тарату және жарнамалау үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабы) бойынша жауапқа тартылады.

М.СЕЙДИЛДАЕВ,

Түркістан ҚПБ тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ӘШЕКЕРЕЛЕНДІ

Түркістан қаласында азаматтарды мүгедектікке шығару мәселесі төңірегінде алаяқтық әрекеттер жиі орын алуда. 2021 жылы Түркістан қаласының тұрғыны, жұмыссыз Ш. есімді азаматша алаяқтық сипатындағы қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді.

Аталған азаматша қала тұрғындарын өз уысына алдап түсіріп, «мүгедектікке шығарып беремін»,- деп уәде ету арқылы ақшаларын жымқырып келген. Онымен қоймай, пәтерге қол жеткізе алмай жүрген тұлғаларға Түркістан қаласынан мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде берілетін пәтерлерден баспана алып беруді де уәде еткен.

Ш. есімді азаматша жәбірленушілерді сендіру үшін құзіретті мекемелерде таныстары барын айтып, әрбір адамнан 30 мың теңгеден бастап, 300 мың теңгеге дейін алып отырған. Осылайша жалғыз өзі 19 адамның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, жалпы 2 млн. 230 мың теңге көлемінде залал келтірген. Түркістан қалалық сотының үкімімен Ш. есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты қасақана жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді және орындауға жолданды.

Қазіргі таңда азаматтардың тұрмыстық жағдайын пайдаланып, оңай жолмен пайда табуды көздеген азаматтар түрлі қылмыстарға баруда. Аңқау елді уысына түсіріп, сан қақсатып жатқан алаяқтар қалайда әшкереленіп, заң алдында жауап беретін болады.

Сондықтан, қала тұрғындарын осындай жағдайға тап болмауы үшін «пара» беруден сақтанып, тек заңды күші бар дүниелерге ғана сенуге шақырамыз. Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен ресми түрде тікелей мемлекеттік органдарға ғана жүгіну қажет.

МЫҢ – АСҚАНҒА БІР – ТОСҚАН

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы көкөніс алып-сатумен айналысатынын айтып, одан «арзан бағада 4 тонна қызанақ әкеліп беремін», – деп 750000 теңге алған. Алайда, ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Аталған жәйтты полицейлер ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жәйтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтықпен сотталған ер азамат болып шықты.

Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ескі әдетіне басып, өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды жолықтырып, қызанақ әкеліп беремін деп жалған уәде беріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бүгінде ұсталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сатумен айналысады деген хабарлама түскен. Аталған ақпарат бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден күдіктіні анықтауға қажетті іс-шараларды жүргізді. Алдын ала жоспар бойынша күдіктіден 17000 теңгеге есірткі сатып алынды. Есірткіге жүргізілген сараптама қорытындысымен сатып алынған есірткі «кептірілген марихуана» екені расталды. Жалпы, салмағы 60 грамм.

Шараның нәтижесінде есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен полиция қызметкерлері оның тұрғылықты мекен-жайын анықтап, ұстады. Ол бұдан алдын сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты.

Аталған жәйтты келестік полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҰРЫС ҰСТАЛДЫ

2022 жылдың желтоқсан айында жергілікті тұрғын келіп, белгісіз тұлғалар үйіне заңсыз терезе арқылы кіріп, алтын бұйым, бриллианттарын ұрлап, аса ірі көлемде шығын келтіргенін айтып арызданған полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұдан алдында да ұрлық қылмысымен сотты болып, оған қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жас жігіт болып шықты. Алайда, күдікті жазасын толық өтемеген. Сонда да өзінің соттылығына қарамастан, қайта қылмыс жасап жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды жымқырған. Аталған жәйтты полицейлер ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Полицейлер анықтағандай, жас жігіт негізінен түнгі мезгілде үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғынға тиесілі үйдің ішінен алтындарды, бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. Ал, ұрлап алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Полицейлер аталған істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімі бойынша күдіктінің алдыңғы жазасының өтелмеген бөлігі қоса есептеліп, 24 жастағы жас жігіт 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қылмыс пен тұрмыс

ЖАРНАМА ДА ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Қоғамда отандық емес, шетелдік қаржы пирамидаларының арбауына түсіп, бармағын тістеп өкініп жатқандар көп. Алданып жатқан көптеген пирамидалардың құзырында депозиттерді қабылдауға рұхсат беретін Ұлттық банктің лицензиясы, жарғысы және мемлекеттік тіркеуден өткен реттік нөмірі жоқ. Қандайда бір қаржы пирамидаларына келген адамнан талап етілетін ең бірінші мәселе белгілі бір жарна төлеуді міндеттеу болып табылады. Тарихта 1960 жылы америкалық олигарх Бернард Мэдофф адамзат тарихындағы ең ірі «Mэdoff Investment» қаржы пирамидасының ірге тасын қалаған екен.

Ол жарты ғасыр бойы ірі компанияларды сазға отырғызуға негізделген қаржылық жүйені өмірге әкелді. Бұл процесс біздің елде 1993 жылдан бері қаржылық пирамида индустриясы «қарқынды» жұмыс істеп келеді. Қаржы салып «байып кеткендердің» өмірі туралы бейнероликтер халықтың көзін байлап, тереңдеп ойлануына апаратын жолды жауып тастағанын ұмыта алмай жүргендер әлі бар. Қазіргі таңда да жағдай мәз емес болып тұр. Қазір әлеуметтік желіні қолданбайтын адам жоқ шығыр. Сол жерде шұбырып жүрген жарнамаларға қарайтын болсаңыз, 150-200 мың айлық көрсеткішін жазып, тәжірибесіз болса да болады деп жұмысқа шақырамыз деген жарнамаларды шығарып қояды. Анықтап қарасаңыз, көбісі бір мекен-жайды көтсеткен. Ондай қаржы пирамидалары телефонда да, жарнамада да нақты мәлімет бермейді, кеңсе жұмысы деп қысқа қайырады. Тәжірибесіз адамға кім мұншалықты көп жалақы береді екен деп, көптеген жастар мен зейнеткерлер де алданып жатыр.

«Қазір көшеде студенттерге, жас қыздарға жұмыс деген жарнамалар көбейіп кетті. Менде сол жарнаманы көріп барған едім. Кеңсе жұмысы деп айтты. Барғаннан кейін бірден сабақ оқытып кетті. Кейіннен қаржы пирамидасы екендігіне көзім жетті. Жұмысым қандай деп сұрағанымда әлеуметтік желілер арқылы адам шақырасың және компанияға тіркелесің деп айтты. Тіркелу үшін ақша салып, зат алу керек екен. Ол жердегі нақты жұмыс жарнама таратып, адам шақырумен айналысу. Жеке өзім мұны алаяқтық деп қабылдадым. Себебі, олар маған кеңсе жұмысы деп шақырып алып, кейіннен өздерінің компанияларын таныстырды. Бірінші жұмыс күні кеңсе қызметімен айналысасың деді де, екінші күні Тяньшидің жұмыс жасау схемасын түсіндіре бастады. Пайдасы жоқ екендігін түсініп, шығып кеттім», – деді ХҚТУ студенті Шайра Жураханова.

Шынына келсек, әлеуметтік желідегі көптеген жарнамаларда 17 мен 35 жас аралығындағы кеңсе қызметкерлерін іздейміз, жалақысы 180-200 мың, деп көрсеткен. Ал, міндеттері тұтұнушымен дайын текст бойынша келіссөздер жүргізу, телефон қоңырауларына жауап беру, кеңсенің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу деп жазыпты. Жұмыс уақыты 10:00 мен 17:00 аралығындағы уақытты көрсеткен. Мұндай айлық көрсеткішіне кімнің болмасын ойы кетері анық. Әсіресе студенттер, яғни біздің жастар. Жарнамадағы телефон нөміріне хабарласып көрген едік. Жауабы дайын кеңсе қызметі екендігін айтты. Қандай мекеме екендігін бірнеше рет сұрағанымызда жауап бере алмай, тек өздерінің үлкен компаниялармен байланысы бар екендігін, өздерінің жәй ғана филал екендіктерін айтып жанталасты. Жұмыс қажет болса қазір келіңіз деп мекен жайын айтып, Насиба Сайтмұратқызынан келдім деп айтуды өтінді. Сонымен айтқан мекен жайға жұмыс іздеуші ретінде барып көруді жөн көрдік. Компания филиалы Амангелді аялдамасындағы «FARABI» деп аталатын ағылшын тілі орталығын мекен еткен екен. Орталықтың бөлмелері нық толған адам. Ол мекеменің «Tiens» компаниясы, яғни «Тяньши» деп аталатын қаржы пирамидасы екендігі анықталды. Бұл компания халықаралық деңгейде 26 жыл, ал Қазақстанда 22 жыл жұмыс жасап жатыр екен.

Түркістанда жыл басынан 438 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 306 ашылған. Ал, ағымдағы жылы облыста Қазақстан Республикасы ҚК-нің 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыстық іс тіркелмеген екен. Ақпарат ретінде айтып өтсек, бүгінгі таңда қаржы пирамида белгілері бар «Qnet» ұйымына қатысты Түркістан аумағында қылмыстық іс тіркелмеген.

«Түркістан қаласында тіркелген алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет желісі арқылы жасалатынын полицейлер ескере отырып, Түркістан тұрғындарына үнемі ескерту қағаздарын, жаднамалар таратып, арнайы әлеуметтік желілерде бейнероликтер әзірлеп таратуда. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы алаяқтық қылмысынан зардап шекпеуге болатынын түсіндіруде. Мәселен, бірінші кезекте өзіңізге ғана белгілі жеке мәліметтеріңізді, құжаттарыңыздың құпия нөмірлерін, банк картаңыздың кодтарын ешкімге беруге, тіпті көрсетуге болмайды. Күмәнді ұсыныс білдіретіндерге мүлдем сенуге болмайды. Оның ішінде ақшаңды еселеп көбейтіп беремін дегендердің құрығына ілініп, айласына түспеу қажет. Жалпы, қазіргі таңда Түркістан аумағында қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдарды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары Түркістан қалалық полиция басқармасының бақылауына алынып, жұмыстар жалғасын табуда.

Халықтың милииондаған қаржысын жымқырып жатқан ұйым «Qnet» қаржы компаниясы. Мұндай үлкен қаржы ұйымдары сізге психологиялық тұрғыдан шабуыл жасайды десек, қате пікір емес. Qnet желілік маркетинг болғандықтан мұнда адам тартады. Бұл желілік маркетинг тәртіппен жұмыс істейді. Яғни,өзіңіз Qnet-тің тауарын сатып алғаннан кейін, пайда түсу үшін 2 адам тіркеп , яғни «бизнес-серіктестер» табуыңыз керек. Ол 2 адам да Qnet-тің тауарларын сатып алуы тиіс. Егер сіздің қол астыңызға 2 адам тіркелсе, сіз алғашқы 200 долларды аласыз. Сосын олар да астына 2 адам табуы үшін оларды үйретесіз. Қол астыңыздағы сіз тіркеген 2 адам табыс табу үшін баланс жасау қажет. Яғни, 4 адам тіркеуі керек. Ал, олар баланс жасамаса сізге де, оларға да табыс түспейді. Жүйеге кіру үшін адамдар тауар сатып алуы тиіс. Ол үшін туристік карталары ұсынылады. Олардың бағасы доллармен сатылатындықтан 700 мың теңгеден бастап 1 миллион 500 мың теңгеге дейін барады.

Qnet-ке кірген адам оқытудан өтеді, яғни түрлі тәсілдермен өздерінің схемаларын көрсетіп, түсіндіре бастайды. Мысалы, «бірнеше мемлекетке барып бес жұлдызды қонақ үйде демала алатындығыңызды, көлік мініп, қымбат киімдер жайлы сөз қозғап, жеке ақша тауып, көтерілу» деп қызықтыра түседі. Және жақын адамыңызды осы бизнеске шақыруға үгіттейді. Адамдар әрине, ата-анасын, жақын бауырларын, достарын шақырады. Яғни, қандай адамдарға сөзің өтеді, соларды бірінші шақыр деген қағиданы ұстанады. Бірінші және екінші кездесулерде сіздің армандарыңызды, қайда жұмыс істеп жүргеніңізді сұрайды. Сосын санаға әсер ететін видеолар көрсетіп, сіздің қандай құрдымда жүргеніңізді айтып, сендіруге тырысады. Бұл «бизнес»-ке кірерде ешкіммен ақылдаспауыңызды, интернетке қарамауыңызды ұсынады. Олардың санасы бай адамдардың ойлау жүйесінен төмен деп бетін қайтарады. Критикалық ойлау жүйесі жоқ, сауаты аз адамдар мұнда тез кіріп кетуі мүмкін. Үшінші кездесуде жаңа шақырылған адамға осы «бизнес»-ке ақша алып келуі, болмаса несие алуы ұсынылады. Соған сеніп, пирамиданың құрбаны болып жатқандар көп. Бұл компанияға көптеген сындар айтылып жатса да өз жұмыстарын тоқтатар емес. Осы уақытқа дейін бірнеше Қазақстанның арналары Qnet компаниясына алданған адамдарға қатысты негатив жаңалықтарды көрсеткен. Мысалы, 31 телеарнасы 2020 жылдың 20 қазанында Талдықорғанда Qnet-ке қатысты 240 адамның шағымданғанын хабарлаған. Ал, 2021 жылдың қыркүйегінде «Астана» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасында Qnet-тен зардап шеккендер туралы хабар көрсетілген, жалпы мемлекеттегі қаржылық пирамидаларға қатысты талқылаулар болған. 2021 жылдың маусымында ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі лицензиясы жоқ компаниялардың қара тізімін жариялаған кезде QNET «Халықаралық бюро консалтингі» ЖШС-і де сол тізімге енген. Яғни, заңмен құдалауға толық негіз бар.

ПОЛИЦИЯ ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

27 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін бір жасар ұлын сатуға бел буды. Ол өзінің қылмыстық ниеті туралы алдымен Түркістан қаласында нотариус болып жұмыс істейтін таныс әйелге айтып, ол арқылы Кентау қаласының тұрғыны – әлеуетті «сатып алушымен» танысты. 27.05.2021 ж. баланың анасы болашақ «сатып алушымен» Түркістан қаласында кездесіп, 2020 жылы туған ұлын 7 000 000 теңгеге сатып алуды ұсынды. Дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа байланысты Түркістан қаласы прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігінің 12-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері жасырын тергеу әрекеттерімен баланың анасының қылмыстық әрекеттері айқындалды. Түркістанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10.11.2021ж. үкімімен аталған әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПӘРМЕНДІ КҮРЕСЕМІЗ

Түркістан қалалық полиция басқармасы сыбайлас жемқорлық  көріністермен табанды күресіп жатыр. Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал, шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайластық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру. Сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

ПОЛИЦИЯ САҚТАНДЫРАДЫ

Түркістан қаласы полиция басқармасы балалардың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түркістан қаласында балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе, 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.

Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.

Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.

Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.

Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз! Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.