Ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға өзіндік еңбегі сіңген полиция ардагері мерейлі 60 жасқа толады.

Батырхан Сансызбаев 1959 жылы 26 желтоқсан күні Бабайқорған ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Куйбышев совхозы Абай ауылындағы орта мектепті бітірген соң, алғашқы еңбек жолын Түркістан қаласындағы құрылыс басқармасында құрылысшы мамандығынан бастаған. Құрылыс басқармасында жұмыс атқарып жүрген кезінде әскер қатарына шақырылып, 1978-1980 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Белоруссия елінде өтеп келген соң еңбек жолын ары қарай Түркістан құрылыс басқармасында жалғастырады.

1981 жылы Түркістан қалалық ішкі істер бөліміне қатардағы милиция қызметіне орналасады. Еңбектен қол үзбей 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, құқықтану-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989-1995 жылдары Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінің эксперт-криминалист көмекшісі, учаскелік инспекторы, тергеушінің міндетін атқарушы, тергеуші, аға тергеуші қызметтерін атқарған.

1995 жылы мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тергеу комитетінің Түркістан қаласы бойынша бөлімінің аға тергеушісі, 1996 жылы Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының құрылуына байланысты басқарманың аға тергеушісі қызметтерін абыроймен атқарып, 2005 жылы еңбек өтіліне орай майор шенінде еңбек демалысына шықты.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбеген ардагер қаладағы білім бөліміне қарасты Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2006-2011 жылдар аралығында күзет бөлімінің бастығы, 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін қалалық білім бөліміне қарасты «Балапан» бөбекжай балабақшасы меңгерушісінің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Қаладағы полиция ардагері ретінде қоғамдық жұмыстардан шет қалмай, қалалық бітімгер қоғамдық ұйымының мүшесі, қалалық ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы, Түркістан қалалық «Ақжол» саяси демократиялық партиясы филиалының президиум мүшесі.

2002 жылы Батырхан ағаның өмірлік жары Манат Сансызбаева күтпеген жерден жол-көлік оқиғасына тап болып, қайғылы жағдай орын алды. Батырхан аға сол кезде төрт ұлымен ауыр жағдайды басынан өткерді. Үлкен екі ұлы мектеп оқушысы болса, қалған екеуі 3-5 жаста болатын. «Орнында бар оңалар» дегендей, 2003 жылы Бағила есімді азаматшамен көңіл қосып, жеңгеміз төрт ұлды бауырына басып, өз балаларындай өнегелі тәрбиелеп, екеулеп олардың жоғары білім алуларына бар жағдай жасады. Міне, осындай қамқорлықтың арқасында үлкен ұлы Айбол Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент істерін басқару ауруханасында нейрохирург, екінші ұлы Айдос қаладағы «Форте банк» мекемесінің аға менеджері, үшінші ұлы Алмас Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің магистранты, осы жылы Америка елінде шыңдалып, тәжірибеден өтіп келді. Ал, төртінші ұлы Аян Шымкент қаласындағы университеттің заң факультетінің студенті. Келіндері Аида дәрігер болса, Маржан Еуразия универстетінің докторанты, бүгінгі таңда тәжірибесін Түркия елінде өткізуде. Ал, қызы Ақерке мен ұлы Айбар мектеп оқушылары. Бүгінде Батырхан аға жұбайы Бағила екеуі ұлдарынан төрт немере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иелері.

Батырхан Сансызбаев зейнет жасында болса да қаладағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аға буын өнегесін өскелең жастарға үлгі етіп, оларды патриоттық, еңбексүйгіштік рухта тәрбиелеуде сүбелі үлесін қосып келеді. Осынау мерейлі күнде Батырхан ағаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына шаттық, отбасына амандық пен береке тілейміз.

«Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды», – деп халықтың да осы мәселені күтіп отырғандығына тоқталды.

Жасыратыны жоқ, құқық қорғау орындары тарапынан жоспарды тез орындау мақсатымен көрсеткішін көбірек етіп белгілеу үшін түрлі заңсыздықтарға баратыны өтірік емес. Ендігі жерде азаматтық қоғам орнап, халық билігі үстемдік етер тұста мұндай бейбастақ әрекеттерге жол берілмейді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.