2022 жылы Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Б.Жанаев пен Түркістан қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлім басшысы Б.Бөкебаев және «Форте» банк қызметкері Е.Файзиев  Бірлік секторында өткен тұрғындармен кездесу өткізді. Ұйымдастырылып отқан шара мақсаты, тұрғындармен полиция басқармасының арасындағы шешімі табылмай жүрген түйткілді мәселелерді талқылау. Атап айтқанда тұрғындардың көкейтесті сұрақтарының быразының шешімі табылды. Мысалы Аягөз көшесі мен Бөржар көшелерінде орналасқан балабақшалар мен мемлекеттік мекемелерге жаяу жүргінші жолақтары мен автокөлік жылдамдығын азайту белгілері қойылатын болды. Сонымен қатар, «Форте» банк қызметкері интернет алаяқтығына қарсы тұрғындарға түсіндірме жүргізілді. Шара соңында, Бірлік елді мекеніне жергілікті учаскелік пункт салынуы туралы мәселе көтерілді. Көтерілген мәселелерді алдағы уақытта оң шешімін шешілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Түркістан қалалық Пробация бөлімі және жастар ресурстық орталығы бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша сауалнама жүргізді.

Бұл іс-шараның мақсаты топтағы қарым-қатынас, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ жастардың өзіндік мінез-құлқын жақсарту болып табылады. Ал, жасөспірімдерге өмірдің сынақтарынан мойымау, суицидтен аулақ болу,  болашаққа жоспар құрып айқын мақсатқа жетудің әдіс тәсілдерін үйретті және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кеңестер берді.

2022 жылдың 8 тамызы күні Түркістан қаласы полиция басқармасында облыс әкімдігі жанындағы полицияның сервистік моделін енгізу бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері пробациялық есепте тұратын азаматтармен жиналыс өткізді. Жиында пробациялық есепте тұратын азаматтардан сауалнама алынып, психологиялық тұрғыдан көмек, жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар берілді.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарды жұмыспен қамту және психологиялық көмек көрсету. Жалпы облыс орталығында пробациялық 190 адам есепте тұр. Арнайы ведосмтвоаралық топпен, қалалық «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе жоспар жасалып, пробациялық есепке алынған азаматтармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оларды қайта қылмысқа бармауына ықпал етіп, жұмыспен қамтылып, қоғамда өз орнын табуына көмек көрсету маңызды мәселе.

Сонымен қатар,

Түркістан қаласындағы Ақжайық музыкалық мектебінің залында Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаевтың  ұйымдастыруымен ауқымы кең, тәлім-тағылымы зор іс-шара өткізілді.  Жиынға полиция подполковнигі Б. Жанаев пен жеке құрам қызметкерлері, Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Кеңес отырысын Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жүргізді.

Мұндағы негізгі мақсат – үлкенге құрмет көрсету, ардагерлер арқылы ұлттық құндылықтарымызды жастар бойына сіңіру, облыс орталығындағы тәртіпті қадағалау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы аталған іс-шаралардың барлығында ақсақалдармен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды атқару мәселесі қаралды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен ардагерлердің арасындағы байланысты нығайту, халықпен тиімді әрі тығыз қарым-қатынас  орнату, сервистік полиция мен жұртқа жақын полиция қағидаты бойынша жобалардың орындалуын қарау да назардан тыс қалмады. 

Келелі кездесуде Түркістан ҚПБ бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, жыл басынан бері тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстарды баяндай отырып: «Ең бастысы қолжетімді, ашық полиция болу жолында үлкен жұмыстар атқарылуда. Осы ретте сіздердей алдыңғы буын қарттарымыздың ақыл-кеңестері біз үшін ауадай қажет. Сіздермен бетпе-бет кездесіп, тығыз байланыс жасап,  ұрпақтар сабақтастығын жалғағандаймыз. Аман болыңыздар!» -деп атап өтті.

Өз кезегінде қаланың көзі қарақты қариялары жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөздерін арнады. Одан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде қала аумағында атқарылған жұмыстардың кем-кетігін айтты. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ойын-сауық орындарында ішімдік сатуды азайту, демалыс және қоғамдық орындарда орын алатын кикілжіңдердің тіркелуіне жол бермеу, кісі өліміне алып баратын жайттарды  болдырмау, жалпы қылмыстың алдын алу, қала тыныштығы – бірінші орында тұруы керегін алға тартты. 

Осылайша ардагерлер мен полицейлер арасында тағылымы мол әңгімелер өрбіді. Келелі кездесудің соңында ардагерлермен естелікке суретке түсу рәсімі өтті

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.