Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 ақпандағы № 285 қаулысы. Түркістан қаласының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 25 ақпанда № 5445 болып тiркелдi

Ескерту. Қаулының тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 1479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

4. Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4440 тіркелген, 2018 жылғы 09 ақпан «Түркістан» газетінде және 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

Сондай-ақ, қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге шектеу қойылған.

Өзгерістерге сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс кестесі мынадай:Қоғамдық тамақтану нысандары: сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес. Олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылды.

Жазғы алаңдар сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 50 орыннан аспайды (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).

Фуд-корттар сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, бірақ 30 орыннан артық емес (20 пайыз) (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).

Банкет залдары (ас беру, мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) – сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метрден кем емес, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).

Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.

Мәдениет нысандары (дайындық) – 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонент салдырған (сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтату).

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары мен филармониялар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын уақытта жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері олар жұмысын тоқтата тұрады. Бильярд бөлмелері 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істей алады (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).

PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын келушімен жұмыс істейді (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).

Боулинг клубтары да 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істейді, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Караоке-клубтарға сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ 30 адамнан аспауы керек (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтайды)

Облыс құрылған алғашқы айларда-ақ өңірді жан-жақты дамыту жолында 5 бағыт айқындалған еді. Бұлар – Түр­кістан қаласын дамыту, Түркістан об­лысының мәдени-рухани саласын, аудан, қала және ауылдарды, агроөнеркәсіп кешенін және индустриялық аймақтарды дамыту. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірдің кешенді даму жоспары қайта қаралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жоспарлар нақтыланып, инфрақұрылымды жақсар­ту бағытында тиянақты жұмыстар қолға алынды. Қаланың ескі бөлігін дамыту мәселесі де жүйеленіп, инфрақұ­рылымын дамыту, су және газ, кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстары басталды. Артезиан сулары тартылып, арық-атыздардан су аға бастады. Көшелер жөнделіп, жарықшамдар орнатылды. Екі жыл көлемінде Түркістан облы­сы ауыл шаруашылығы, құрылыс, мә­де­ниет, спорт, инвестиция тарту және өзге де салаларда ауыз толтырып айтарлықтай жетіс­тіктерге жетті. Ал Түркістан қала­сын жасыл қалаға және ауа райы қолай­лы аймаққа айналдыру мақсатында шаһардың айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, өткен жылы шаһар айналасынан 7 700 гектар алқапқа «Жасыл белдеу» құрылған болатын. 3,5 мың гектар жерге өңір табиғатына бейім 7-8 түрлі ағаш, ал биыл жыл басынан бері қала аумағында 1235 гектарға 1 млн 387 мың түп көшет отырғызылды. Жалпы облыс бойынша 2021 жылға дейін 3,5 млн көшет егу жос­парланып отыр.

Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрғысында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және су нысандары жобалары іске асырыла бастады. Киелі Түркістан қаласының айналасында құ­рылған азық-түлік белдеуінің аумағы – 11 мың гектар. Мұнда негізінен құны – 27 млрд теңге 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады. Бұл жобалардың алды өткен жылы басталған. Өңірде ағын су тапшылығын шешу мақсатындағы кешенді жоспар аясында 5 ірі су нысанында құрылыс жұмыстары басталды. Облыста тиімділігі дәлелденген жаңбырлатып суару тәсілі кең көлемде қолданысқа енуде. Қазіргі таңда 800 гектар алқапқа жаңбырлатып суару тех­нологиясын орнату жұмыстары жүр­гізіл­ген. Жалпы жоба шеңберінде 1 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суа­ру тех­нологиясымен құны 31,6 млрд тең­ге болатын 7 ірі инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Түйе шаруа­шы­лығының дамуына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мақта саласын дамыту бойынша арнайы бағдар­лама әзірленуде. Нәтижесінде мақта өңдеу зауыттарының технологиясы жаңар­тылып, айналым қаражаттары толық­ты­рылады. Мақта бағасын нарықтық реттеу­ге қол жеткізілді.

Ал Түркістан қаласындағы қарқынды құрылыс, игі бастамалар облыс аумағына үлгі болып отыр. Сөзімізге бір ғана мысал, Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы көршілес Кентау қала­сына да оң әсерін тигізуде. Өткен жылы қала бюджетінің кіріс бөлігі 40 млрд теңгеге орындалған. Қала экономика­сы­на тартылған инвестиция көлемі 24,4 млрд теңгеге жеткен. Деректерге жү­гін­сек, мұндай көрсеткіштер 65 жыл­­дық тарихы бар қалада бұрын-соң­ды бол­маған екен. Кентаудағы индуст­риалды аймақта 2,9 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарлан­ған. Осылайша киелі Түр­кістан бүкіл өңір­дің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына тікелей әсер етуде.

Тарихи Жарлық шыққан 2 жылға жуық уақыт ішінде Түркістан дамудың жаңа сатысына қадам басты. Бұл уақыт аралығында облыс жеткен жетістік­тер аз емес. Әрі қарай да ел игілігі үшін атқарылатын шаруа шаш-етектен. Аграрлы аймақ болып саналатын Түркістан облысында осы саладағы еңбек өнімділігін арттырып, дамыту үшін нақты нәтиже беретін 3 негізгі ба­ғытта жұмыс жүруде. Жуырда өткен Үкі­мет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин алға қойған міндеттердің орындалуына Түркістан облысын мысал ретінде келтіріп, ол 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін 3 есеге арттыру бойынша кешенді жоспар барын өзге өңірлерге үлгі ете айтқан болатын. Бірінші бағыт – агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. Екінші бағыт – кооперативтерге бірікпейтін 2-3 гектар жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын енгізу. Үшінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнім­дерін өндіру. Бұл бағыттар бойын­ша атқарылып жатқан жұмыстар оң нәти­же бере бастады. Ал өңірде кеңінен қолда­ныла бастаған жаңбырлатып суару тәсілінің артықшылықтарын түсініп, қыр-сырымен танысқан Жамбыл об­лысы­ның сала мамандары бұл әдіске қы­зы­ғу­шылық танытып отыр.

«Түркі әлеміне әйгілі ғұлама, дін және қоғам қайраткері Қожа Ахмет Ясауи мен қазақ хандары мен билері, батырлары мен ұлы тұлғалары мәңгі қоныс тапқан Түркістанның өзіне тән ерекше қуат көзі мен адамға жігер беретін қасиеті бар. Сондықтан осы қалада өмір сүру, қызмет ету – басқа қонған бақ», деген-ді Өмірзақ Шөкеев алқалы жиын­дардың бірінде. Сол киелі қаланың берген ерекше қуаты мен жігері облыс әкімінің өңірді дамытуда өз қарым-қабілетін сарқа жұмсауында шаршатпады, екі жылда болған екі үлкен апатта жүрісінен жаңылдырмады, жедел шешім қабылдауда қателікке ұрындырмады, қиналған халықтың қасына жылдам жеткізді. Иә, өкінішке қарай жаңа құ­рыл­ған облыста өткен жылы 24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери бөлім­шедегі оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Орын алған оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, 170-ке жуық адам зардап шекті, 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғима­рат­тардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Түркістан облысына арнайы келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарылыстан зардап шеккен тұрғындармен кездесуінде қаланың қалпына келтірілетіні жөнінде берген уәдесі орындалды. Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин тұрғындарға барлық көмек көр­сетілетінін мәлімдеді. Келтірілген залалдың көлемі есептеліп, Үкімет резервінен қаржы бөлінді. Арыс тұрғын­дарына еліміздің барлық облыстары­нан қолдау көрсетілді. Барлық өңірден гуманитарлық көмек тиелген көліктер Арысқа қарай ағылды. Арнайы ашылған қорға қарапайым тұр­ғындардан, кәсіп­керлер мен ұйым­дардан, мемлекеттік мекемелерден түскен қаржы қаншама! Мұндай ынтымақ пен бірліктің белгі­сін­дей болған көмектің Мақтаарал ауда­нында болған тасқын су зардабы кезінде де жасалғанын айта кетелік. Президенттен бастап сала министрлері, облыс, қала әкімдеріне дейін қиын сәтте халықтың қасынан табылып, қолдан келген мүмкіндіктерді жасады. Халыққа жақындығын білдірді. Осылайша апат халықтың бірлігі мен ынтымағын сынақтан өткізгендей де болды. Шұғыл әрі дұрыс шешімдер қабылданып, барлық мәселе ортаға салынды, зардап шеккендер далада қалмады. Билік пен бұқара бірлесе жұмыс істеді. Кеңседегілерді ел ішіне шығарған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс кабинетін уақытша Арысқа ауыс­тырды. Әкім осы бір қиын сәтте ұйым­дастырушылық, талапшылдығы мен іскерлігін кезекті рет танытты. Қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында 144 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан аса жұмысшы және 211 арнайы техника жұмылдырылды. Арыс қаласында жөндеуді қажет еткен жалпы 68 әлеуметтік нысанның төртеуі жаңадан салынып, 64-інде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Арыс жаңарып, аз уақытта еңсесін тіктеді, тұрғындар тіршілігін жалғастырды.

Ал мамыр айының алғашқы күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Қазақстанға шекаралас Сырдария облысында орналасқан су қоймасы дамбасының бұзылуы Түркістан облысы Мақтаарал ауданына да елеулі залалын тигізді. Алғашқы күні ауданның бірқатар елді мекендерін су басып, тұр­ғын­дары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Мақта­аралдағы жағдай алғашқы сәттен-ақ Мемлекет басшысының бақылауына алынды. Ауданға шұғыл жеткен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жағдайға қаныққан соң мәлімдеме жасап, эвакуацияланған тұр­ғындар былтырғы Арыстың тәжіри­бесіне сәйкес тиісті медициналық қызмет, азық-түлік секілді барлық заттармен қам­тамасыз етілетінін айтты. Барлық жұмыс Арыстағы тәжірибеге сай алгоритмде істелді. Зардап шеккен үйлер сүріліп, бү­гінде үш ауылды біріктіре, яғни барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, жаңа шағын аудан бой көтеруде. Су бас­қан елді мекендердің тұрғындары­на үй са­лып жатқан құрылыс компа­ния­ларын­да 1475 азамат еңбек етуде. Олар­дың 810-ы – тасқын судан зардап шеккен ауыл тұр­ғын­дары. Ал Өргебас ауылындағы 197 үй­дің барлығы жаңадан салынып жатыр. Су шайған ауылдардың барлығында инф­ра­құрылым толығымен жаңартылуда. Табиғат танытқан тосын мінез, яғни нөсер­лете жауған жаңбыр салдарынан Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандарында су тасқыны орын алып, бірқатар ауыл зардап шекті. Ең көп зардап шеккен Төлеби ауданында 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйдің ауласына кірген. Бүгінде апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қайта салынуда. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін толық аяқталмақ. Осындай қиындықтардан облыс халқы мемлекеттің, қалың жұрт­шылықтың қолдауымен сүрінбей өтті, ел бірлігінің бекемдігін, ынтымағын, бауырмалдығын көрсетті.

«Түркістан шаһары кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы өзгеше өріс­ті, кестелі һәм келісті, басшылары да, қос­шы­лары да иманды, ұлдары намысты, қыздары ибалы, қай-қандай өлшемдермен қарағанда да қайырымды қала болған. Әл-Фараби бабамыз «Қайырымды қала тұрғындары…» туындысында әмірші әкім­дер де, қарапайым тұрғындар да ал­ғыр, аңғарымпаз, ғылымға, өнер-бі­лімге құштар, сауыққұмарлықтан, жал­­ған­дықтан аулақ болмағы керектігін ерек­ше ескертеді. Түркістан шын мәнінде текті төрге, қайырымды қалаға айналуы тиіс. Сонда ғана сакралдылық сапа­­сы ар­тады», дейді жазушы-драма­тург, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мар­хабат Байғұт. Осы орайда Түркі­стан облысында қайы­рымдылықты дәріп­тей­тін, бауырмал­дыққа баулитын тың бастама жүзеге асырылғанын айта кетелік. Иә, жүзеге асырылған бұл әлеуметтік жоба да өзге өңірлерге үлгі етерліктей.

Өңірде Nur Otan партиясының бас­тамасымен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгей­ден шығуға ұмтылдыратын «Қамқор­лық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тиімді жұмыспен қамту және кәсіп­керлік қызметті дамытуға ерекше назар аударылған. Тұрақты табыс көзі­мен қамтамасыз етіп, отбасыларды өмір­лік қиын жағдайдан кезең-кезеңмен шы­ғаруд­ы көздейтін бағдарлама аясында жүр­­гізілген жұмыстар нәтижесінде жағ­дайы тым төмен, кризистік және қана­ғат­танар­лықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олар­дың әр­қайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арна­йы кура­торлар тағайындалған еді. Бағ­дар­­лама басталған алғашқы айларда 900-ден аса отбасыға 45 млн теңгенің демеу­ші­лік көмегі көрсетіліп, 4 отбасыға кәсіп­кер­лер тарапынан үй сатып алынды. «Қамқор­л­ық» жобасы аясында қиындық шегін­дегі отбасыларды сауықтыру жүйелі түрде 4 мәселені қамтыды. Яғни қажетті азық-түлікпен қамту, науқастары болса толыққанды медициналық көмек көрсету, ауруханаға жатқызып емдеу, жұмысқа орналастыру, мамандығы жоқ болса кәсіптік білімге оқыту шаралары атқарылды. Жобаға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге көлемінде қаржы қаралды. Әсіресе бұл жоба әлеуметтік жағдайы осалдау, көпбалалы отбасылар бойынша республикада алдыңғы орынға шығатын Түркістан өңірі үшін аса маңызды болғаны анық.

Өңірдің ертеңін жарқын ететін инвес­тициялық жобалар да аз емес. Мысалы, 2020 жылдың 1-тоқсанында «Turkistan Invest» компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд теңге болатын 7 жоба, оның ішінде 1,7 млрд теңге сомасына 5 жоба өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында жүзеге асырылды. Сол арқылы 197 жұмыс орны ашылды. Жалпы биыл өңірде 397,7 млрд теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Яғни, 5 508 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 268,8 млрд теңге болатын 14 жоба аясында 2 660 жұмыс орны құрылады. Жоспарланған жобалардың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Жасыл экономика», химия өнеркәсібі және әлеуметтік нысандар құрылысы аталуда.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.