Бүгінде еліміз бойынша басқару құрылымдары неғұрлым қарапайым жұмыс үлгісін таңдап, тұрғындарға ашық форматта қызмет көрсететін «Open space» үлгісіне көшуде. Бұл – халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін бірден-бір тиімді бастама.

Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықтың билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында ел аумағында жаңа форматтағы халықтық кеңселер жергілікті әкімдіктер мен полиция, сот органдарында ашылып, тұрғындар үшін қолайлы қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда, киелі Түркістан өңіріндегі бірқатар мекемелер де “Open space” үлгісіне көшіп үлгерген.

Оған Агенттіктің Түркістан қаласы полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары бүгінгі Түркістан қаласында жұмыс сапары барысында қайта көз жеткізіп, аудандық сот пен полиция бөліміндегі ашықтықты қамтамасыз ететін халықтық кеңселердің жұмысымен танысып қайтты. Ең алдымен, аудандық соттағы халықтық кеңсенің жұмыс істеу тәртібімен жіті танысып, “татуласу” бөлмесін аралап көрді.

Сондай-ақ, сот төрағасы Сапаралы Байтенов сотқа дейінгі мәселені дер кезінде шешу мақсатында ашылған халықтық кеңселердің қажетті интернет желісімен және арнайы мамандармен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, тұрғындардың талап-тілегі назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Келесі кезекте полиция бөлімінің басшысы Дауыл Панзабеков фронт-офис жұмысын толық көрсетіп, жеке құрам және тергеу, әкімшілік полиция құрылымы мен құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары аудан тұрғындарын қабылдайтынын, яғни әрбір арыз-шағым кезексіз осы жерде қаралып, тиісті мамандарға жолданатынын тілге тиек етті.

Кеңсе қызметкерлерінің халық игілігі үшін атқарып жатқан ауқымды істеріне оң бағасын берген полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі тұрғындар үшін тиімді бастама екендігін алға тартты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.