Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Бригаданың дене дайындығы және спорт бастығы бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарына бағынады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол дене дайындығын және спортты ұйымдастыруға жауап береді және бөлімдердегі дене дайындығы және спорттық іс-шараларды және бригада жеке құрамының дене шынықтыруы жай-күйін кезең-кезеңімен бақылауға, айына бір реттен жиі емес бригаданың жеке құрамымен дене дайындығы бойынша бақылау сабақтарын өткізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне таңертеңгі дене жаттығуын, дене дайындығы және спорт бойынша сабақтарды ұйымдастыруда және өткізу әдістемесінде көмек көрсетуге, бөлімдердің (бөлімшелердің) спорттық ұйымдастырушылары – роталар сержанттарын, жауынгерлік даярлығы және дене дайындығы жөніндегі взводтар нұсқаушыларын даярлауды жүзеге асыруға, олардың жұмысын бағыттауға және бақылауға міндетті.

Спорттық жұмыс жоспарын әзірлеуге, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, бригаданың спорттық командаларына кандидаттарды іріктеуге және оларды жаттықтыруларға басшылық жасауға, бригада медициналық қызметінің бастығымен бірлесіп, жеке құрамның дене дамуын және денсаулық жағдайын жақсарту, дене дайындығы және спорт бойынша сабақтарда жарақаттанудан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды өткізуге қатысуға, бригадада спорттық құрылғыларды салуға басшылық жасауға және бөлімшелерді спорттық мүлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға, олардың дұрыс пайдаланылуын, сақталуы мен уақтылы жөнделуін бақылауға, әскери қызметшілерге спорттық атақтар, разрядтар, төрешілер санаттарын беру және оларды спорттық төсбелгілермен наградтау үшін құжаттама ресімдеуге, бригадада дене дайындығы және спорт нәтижелерінің есебін жүргізуге міндетті.

Бригаданың мәдени-бос уақыт орталығының (клубының) бастығы: мәдени-бос уақыт орталығы (клубы) мен кітапхананы ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға; техникалық тәрбие құралдарын, мәдени-ағарту мүлкі мен кітап қорын дұрыс пайдалану мен күтіп-ұстауға; мәдени-бос уақыт орталығы (клубы) мен кітапхана үй-жайын, жабдығын сақтауға; оларда пайдалану қағидалары мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауап береді.

Ол бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасарына бағынады.

Мәдени-бос уақыт орталығының (клубының) бастығы бригаданың жауынгерлік даярлық міндеттеріне сәйкес мәдени-бос уақыт орталығының (клубының) және кітапхананың мәдени-ағарту жұмысын ұйымдастыруға, бөлімшелерде мәдени-бос уақыт жұмысын жүргізуге қатысуға, техникалық тәрбие құралдары мен мәдени-ағарту мүлкін тиімді қолдануды және пайдалануды қамтамасыз етуге, мәдени-бос уақыт іс-шараларының жоспарларын және өткізу жоспар-сценарийлерін әзірлеуге, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің көркемөнерпаздар шығармашылығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың жоғары эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға, кітапхананың жұмысына басшылық жасауға, кітап қорын дұрыс жабдықтауды және пайдалануды қадалауға, газеттер мен журналдарға жазылуды жүзеге асыруға міндетті.

Бригада аумағындағы, сондай-ақ бөлімшелердегі оған бекітіліп берілген оқу-материалдық база объектілерінде көрнекі үгіт-насихатпен ресімдеуге қатысуға, тоқсанына бір реттен жиі емес бөлімшелерге бөлінген техникалық тәрбие құралдары мен мәдени-бос уақыт мүлкінің жай-күйін тексеруге, оларды сапалы сақтауды, пайдалануды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуге, мәдени-бос уақыт орталығында (клубында) мүлікті техникалық пайдалану қағидаларын және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге, бригаданың бөлімшелері мен мәдени-бос уақыт орталығын (клубын) техникалық тәрбие құралдарымен және мәдени-ағарту мүлкімен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, бригада қаржы органының бастығымен бірлесіп, шығыстар тізбесіне сәйкес мәдени-бос уақыт орталығының сметасын жасауға, бригада мәдени-бос уақыт орталығының (клубының) техникалық тәрбие құралдары мен мәдени-ағарту мүлкі бойынша есепке алуды және есептілігін жүргізуге міндетті.

Жеке батальон (2-дәрежелі корабль) командирі бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне; жеке құрамның жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне; батальонның диверсияға қарсы қауіпсіздігіне, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға; Жауынгерлік Тудың, қару-жарақ пен әскери техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанармай, жағармай материалдары мен басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуына; батальонның (корабльдің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; ішкі жарғылық тәртіп пен әскерлер қызметінің жай-күйіне, батальон (корабль) әскери объектілерінің, ғимараттары мен құрылыстарының жай-күйі мен сақталуына; жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлеріне; шарттық және талап-арыз жұмысына; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.

Жеке батальон (2-дәрежелі корабль) командирі батальонның (корабльдің) барлық жеке құрамына тікелей бастық болып табылады.

Жеке батальон (2-дәрежелі корабль) командирі жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға және жауынгерлік қажеттілік жағдайларында шешімдер қабылдауға, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларын әзірлеуге басшылық жасауға және оларды орындауды бақылауға; батальонның (корабльдің) тағайындалуын білуге және кез келген жағдайда оны шебер басқаруға, штабпен, бөлімшелер командирлерімен, олардың орынбасарларымен және батальон қызметтерінің бастықтарымен (корабльде – көмекшілермен, орынбасарлармен, жауынгерлік бөлімдер командирлерімен және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ батальон (корабль) бөлімшелерімен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті ұстауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестесін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға, взводтан бастап және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдыларын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге, мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен батальондағы (корабльдегі) істің нақты жай-күйін білуге, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды анықтау және жабу жөніндегі тұрақты жұмысты ұйымдастыруға міндетті.

Жаңадан келген буынды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға, батальонды сарбаздар, сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға жоғарылату үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге, әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде шаралар қабылдауға, бір аптаға азық-түлікті тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тамақ беру сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды ұйымдастыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге, белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, олардың бар болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін кезең-кезеңімен тексеруге; жылына үш реттен жиі емес барлық қару-жарақ пен әскери техниканы қарап тексеруді жүргізуге, қарап тексеру нәтижелерін батальон бойынша бұйрықта жариялауға (корабль командиріне екі айда бір реттен жиі емес корабльді қарап тексеруді, айына бір реттен жиі емес оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын қарап тексеруді жүргізуге, күн сайын корабльді қарап тексеруге) міндетті.

Құқық бұзушылықтардан сақтау жөнінде шаралар қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда үлкен командирге (бастыққа) баяндауға, құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру тағайындауға, адамдардың қаза табуымен және мертігуімен байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаларын бұзу жағдайларын тексеруге жеке өзі қатысуға, бағыныстыларға қару-жарақпен және әскери техникамен, оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, ал қажет болған жағдайларда оның орындалуына бақылауды белгілеуге және жүзеге асыруға (корабль командирі, одан басқа корабльдің төзімділігі мен оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға), аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, батальонның жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, батальонның қажеттіліктерін, қаржылық, шарттық, талап-арыз жұмыстарын, шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Батальонның қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер учаскелерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (корабльде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, корабль корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өрттен қорғану жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына үш реттен жиі емес әскери объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жер учаскелерін қарап тексеруге, қарап тексеру нәтижелерін актілерде көрсетуге және батальон (корабль) бойынша бұйрықта жариялауға, батальон (корабль) орналасқан жерді күзетуді ұйымдастыруға; қарауылдық және ішкі (корабльде – кезекшілік және вахталық) қызметтерге бақылауды жүзеге асыруға, оларды өткеруді жеке өзі тексеруге және тексеруді ұйымдастыруға, сондай-ақ гарнизон шегінен тыс рейстерге шығар алдында машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне нұсқаулар беруге, жеке өзі және лауазымды адамдарды, батальон комиссияларын тартумен қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сома мен құндылықтардың бар болуына жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге; мемлекетке келтірілген материалдық залал анықталған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға, әскери ұжымдарда жариялылықты, әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімділікті орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруға, жыл сайын келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің негізгі демалыстар кестесін, ай сайын қызметке нарядтар кестесін бекітуге және оларды орындауға бақылауды жүзеге асыруға;

Жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің жай-күйін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет өткеруін талдауға, айына бір реттен жиі емес қорытынды шығаруға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға, Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдар мен инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды осы Жарғымен айқындалған тәртіппен қарсы алуға, баяндауға және батальон орналасқан жер бойынша (корабльді қарап тексерген кезде) ілесіп жүруге, теміржол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен әкелінген материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға, батальонның (корабльдің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу кезінде және бөлімнің күнделікті қызметінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулерді ұсынуға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен әскерге шақыру бойынша офицерлердің істері мен лауазымын уақтылы қабылдауына, тапсыруына бақылауды жүзеге асыруға, осы Жарғы 56-тармағының талаптарына сәйкес батальон (корабль) бойынша бұйрықтар беруге міндетті.

Жеке батальон (2-дәрежелі корабль) командирінің орынбасарлары, сондай-ақ қызметтер бастықтары өз практикалық жұмысында бригаданың (корабльдің) тиісті лауазымды адамдары үшін көрсетілгендерге сәйкес міндеттерді басшылыққа алады.

Республикалық мемлекеттік мекеме болып табылмайтын жеке батальон (2-дәрежелі корабль) командирі және басқа да лауазымды адамдары бригада (корабль) штатында бар батальон (3-дәрежелі корабль) тиісті лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттеріне сәйкес құқықтар мен міндеттерді басшылыққа алады.

Батальон (дивизион, эскадрилья, жеке рота, жеке батарея, 4-дәрежелі корабльдер дивизионы (бұдан әрі – батальон) командирі бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне (корабльдің жауынгерлік әзірлігіне) және олардың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; жеке құрамның жауынгерлік даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; батальондағы (корабльдегі) ішкі тәртіпті ұстауға; батальондағы (корабльдегі) қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді, жанармай, жағармай материалдарын және басқа да материалдық құралдарды сақтау мен жай-күйіне жауап береді.

Батальон (3-дәрежелі корабль) командирі батальонның (корабльдің) жеке құрамын жауынгерлік даярлауға және әскери тәрбиесіне басшылық жасауға, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде батальонды (корабльді) шебер басқаруғағ батальонның (корабльдің) жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге және оны орындауға басшылық жасауға, батальон (корабль) штабымен және офицерлерімен сабақтар, батальон (корабль) бөлімшелерімен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге, батальонның (корабльдің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдыларын және кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге, әскери ұжымдарда әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімділікті орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруға, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға міндетті.

Лауазымдарға тағайындау, жоғары лауазымдарға жоғарылату кезінде әскери қызметшілерді дұрыс іріктеуді тексеруге, жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, батальон (корабль) орналасқан жерді күзетуді ұйымдастыруға және батальон (корабль) жеке құрамының қарауылдық және ішкі (корабльде – кезекшілік және вахталық) қызметтерді өткеруін тексеруге, ай сайын жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп, ішкі және қарауылдық қызметтердің жай-күйін қорытындылауға, батальон (корабль) бөлімшелерінде бар қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді және басқа да материалдық құралдарды білуге, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді, басқа да материалдық құралдарды дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, жөндеуді, сақтауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және екі айда бір реттен жиі емес олардың бар болуын, жай-күйі мен есепке алуды жеке өзі тексеруге (корабль командирі – екі айда бір реттен жиі емес корабльді қарап тексеруді, айына бір реттен жиі емес оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын, күн сайын корабльді қарап тексеруді жүргізуге), тексеру нәтижелерін қарап тексеру кітабында көрсетуге және олардың нәтижелері туралы бригада (корабль) командиріне жазбаша баяндауға, әскери техниканың апаттарынан, аварияларынан, бұзылуларынан сақтандыру (корабльдің төзімділігі мен оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету) жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қару-жарақпен және әскери техникамен, зымырандармен, оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Батальон үшін бөлінген барлық ғимараттар мен үй-жайларды ұстауға және дұрыс пайдалануға, батальонға бекітіліп берілген аумақ учаскесін, объектілерді, оның ішінде парктік аумақ учаскесін, парктік үй-жайларды тазалықта ұстауды (корабльде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, корабль корпусының ақаусыз жай-күйіне ұдайы бақылауды жүзеге асыруға), батальондағы (корабльдегі) өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға, батальон (корабль) шаруашылығына басшылық жасауға, батальон (корабль) бөлімшелерінде есепке алу мен есептілікті ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Батальонның штаб бастығы бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне және батальонның жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; батальон бөлімшелерін басқаруды ұйымдастыруға және ұстауға; жауынгерлік даярлықты жоспарлау мен есепке алуға; оған тікелей бағынысты жеке құрамның даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; батальонның жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, зымырандарын, оқ-дәрілері мен басқа да материалдық құралдарын есепке алу жай-күйіне жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады, оның бірінші орынбасары және батальонның барлық жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады.

Батальон командирінің шешімдерін іске асыру кезінде штаб бастығы қажет болған жағдайларда батальон командиріне бағыныстыларға оның атынан өкімдер беру құқығын пайдаланады. Штаб бастығы берілген барлық анағұрлым маңызды өкімдер туралы батальон командиріне баяндайды.

Батальонның штаб бастығы бригаданың жоспары және батальон командирінің нұсқаулары негізінде батальонды жауынгерлік даярлау жоспарын әзірлеуді ұйымдастыруға және оны орындауды бақылауға, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі құжаттарын әзірлеуге, оларда көзделген іс-шараларды орындауды бақылауға, батальон штабына тиісті қызметтер бастықтары және батальон командирінің орынбасарлары жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да әскери мүліктің бар болуы, жауынгерлік даярлық нәтижелері туралы, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оқиғалар мен тәртіптік теріс қылықтардың бар болуы туралы ұсынылатын мәліметтердің есебін жүргізуге, батальонның жеке құрамымен сабақтар өткізуге және оған тікелей бағынысты бөлімшелерді даярлауға басшылық жасауға міндетті.

Батальон штабының әрбір офицері мен сержантының, сондай-ақ оған тікелей бағынысты бөлімшелер жеке құрамының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогтік дағдылары мен кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, мамандықтары бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу; курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, батальонды келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау және келген буынды бөлімшелер бойынша болу жөніндегі жұмысты жүргізуге, батальон бөлімшелерінің нақты жағдайы мен жай-күйін, сондай-ақ оларға қойылған міндеттерді орындау барысын ұдайы білуге, батальон командирінің және үлкен бастықтардың барлық бұйрықтарын уақтылы және дұрыс жеткізуді қамтамасыз етуге, олардың орындалуын тексеруге, батальонда байланысты уақтылы ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, байланыс құралдарының жай-күйі мен жауынгерлік қолдануға әзірлігін тексеруге, жасырын басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды орындауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Батальонда ішкі қызметті өткеруді ұйымдастыруға, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік қызметке, тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдарды даярлауды, олардың қызмет өткеруін тексеруге, батальон бөлімшелеріндегі жеке құрамның бар болуын, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қызмет уақытының, оларды апталық қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан астам әскери қызмет міндеттерін атқаруға тарту уақытының есебін жүргізуге, сондай-ақ оларға қосымша демалыс күндерін (демалыс уақытын) беруге, айына бір реттен жиі емес бөлімшелерде қару-жарақтың, әскери техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанармай, жағармай материалдарының, керек-жарақтардың, жалпыәскери жарғылардың, нұсқаулықтардың, оқу құралдарының, әдебиеттің және басқа да мүліктің жай-күйін және есепке алуды, ал апта сайын жеке құрамды есепке алуды тексеруге, әскери қызметшілермен қауіпсіздік талаптары бойынша сабақтардың сапасын және сабақтарда, жұмыстарда және тәуліктік нарядта, жауынгерлік кезекшілікте және жауынгерлік қызметте қызмет өткеру кезінде оларды сақтауды бақылауға, бригада штабына жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіптің жай-күйі туралы және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді белгіленген апталық қызмет уақытының ұзақтығынан астам әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту уақыты туралы, сондай-ақ басқа да қажетті жеткізілімдерді әзірлеуге және уақтылы жолдауға міндетті.

Батальон командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: батальонды жауынгерлік даярлауды ұйымдастыруға және сабақтарды сапалы өткізуге; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға; оқу материалдық-техникалық базаны ақаусыз жай-күйде ұстауға, оны жетілдіруге және оқыту кезінде дұрыс пайдалануға; батальонда сыныптық мамандарды даярлауға; спорттық жұмысқа жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальон командирінің орынбасарларын қоспағанда, батальонның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Батальон командирі орынбасарының лауазымы штатта көзделмеген батальондарда оның міндеттерін батальонның штаб бастығы орындайды.

Батальон командирінің орынбасары батальонды жауынгерлік даярлау жоспарын әзірлеуге және оны орындауды ұйымдастыруға, офицерлермен жауынгерлік және кәсіби даярлық бойынша көрнекі нұсқау беру-әдістемелік, бақылау сабақтарын, сондай-ақ кезең-кезеңімен – батальон бөлімшелерімен тактикалық және оқ ату даярлығы бойынша сабақтарды, бақылау сабақтары мен оқу-жаттығуларды өткізуге, белгіленген тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізуді, батальон штабына және бригада командирінің орынбасарына жеткізілімдерді, есеп берулерді уақтылы ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға, сабақтарды, оқ атуларды, оқу-жаттығуларды жүргізу, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды пайдалану, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен және улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс кезінде, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындауда қауіпсіздік талаптарын ұйымдастыруға және орындауға қол жеткізуге, батальондағы дене дайындығына басшылық жасауға және спорттық іс-шараларды өткізуге міндетті.

Батальон бөлімшелерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және оның барысын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдауға және бөлімшелер командирлеріне сабақтарды ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсетуге, батальонның әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық дағдылары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, мамандықтары бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, батальонда сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге, батальонның оқу материалдық-техникалық базасын ақаусыз жай-күйде ұстауға және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға және оны оқытуда дұрыс пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға, батальон бөлімшелерінде қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілерді, жабдықтарды және мүлікті ұстауды және күтіп-ұстауды бақылауға, айына бір реттен жиі емес олардың бар болуын, жабдықталуын және жай-күйін, ал оқу-жаттығу және оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану топтарының барлық машиналарына – апта сайын ішінара тексеру жүргізуге, батальонның бөлімшелерінде ішкі тәртіптің, әскери тәртіптің сақталуын тексеруге, тәуліктік нарядты даярлауға және қызмет өткеруді бақылауға, батальондағы өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысқа басшылық жасауға міндетті.

Батальон (3-дәрежелі корабль) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында батальондағы (корабльдегі) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстарды ұйымдастыруға және жай-күйіне, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және әскери тәртіпті нығайту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне, жауынгерлік даярлық міндеттерін шешуде, батальонды ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауда және жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде тәрбие жұмысының пәрменділігіне жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальон командирінің орынбасарларын қоспағанда, батальонның (3-дәрежелі корабльдің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Батальон (3-дәрежелі корабль) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасары батальонды жауынгерлік даярлау жоспарын әзірлеуге және оны орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын орындауға қатысуға, батальонның (корабльдің) жауынгерлік даярлық міндеттерін табысты шешуге, ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға, жауынгерлік міндеттерді орындауға, дара басшылықты құқықтық негізде нығайтуға бағыттай отырып, тәрбие және әлеуметтік жұмысты жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі (корабльде — кезекшілік және вахталық) қызметтер міндеттерін орындау жөніндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, бөлімшелердің белсенділерін іріктеуді, орналастыруды, тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмелерінің, қабырға баспасөзі редакциясы алқасының жұмысын бақылауға, әскери қызметшілерде жоғары қырағылық, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтау ұғымын, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруге және ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті сақтауға және күтіп-ұстауға жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге міндетті.

Батальон (корабль) бөлімшелерінде сайыстар ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, олардың бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға, батальонның (корабльдің) жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адалдық, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышқа және әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, жеке құрамды құрылымды бұзатын идеологияның ықпал етуінен қорғау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті.

Әскери ұжымдарды шоғырландыру, әскери дәстүрлерді, достық пен жауынгерлік жолдастықты ұстау және дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге, әскери қызметшілерге мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси ахуалды түсіндіруге және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауға ұдайы әзірлікке тәрбиелеуге, жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарлары бойынша әскери қызметшілермен сабақтар өткізуді ұйымдастыруға және өткізуге, офицерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеуге және қалыптастыруға, батальонның (корабльдің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери, адамгершілік тәрбие және педагогикалық дағдыларын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге, бөлімшелер офицерлері мен сержанттарын оқытып-үйретуге және бағыныстылармен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетуге, әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды шоғырландыру, әскери қызмет қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге міндетті.

Батальондағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың, әскери тәртіп жай-күйінің есебін жүргізуге, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне қатысты әлеуметтік әділдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, олардың ұсыныстары мен өтініштерін шешу жөнінде шаралар қабылдауға, батальон жеке құрамының денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы қамқорлық жасауға, жеке құрамның мәдени бос уақытын ұйымдастыруға, батальонды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға, техникалық тәрбие құралдарын және тәрбие жұмысының мүлкін дұрыс пайдалануды және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға, күн сайын батальон (корабль) командиріне және бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасарына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, өткізілген тәрбие іс-шаралары, батальондағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы баяндауға міндетті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.