Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында ротада тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және әскери тәртібін нығайту жөніндегі іс-шаралардың жай-күйі мен тиімділігіне, ротаның жауынгерлік даярлық міндеттерін шешуде, ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауда және жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде тәрбие жұмысының пәрменділігіне жауап береді.

Ол рота командиріне бағынады және рота командирінің орынбасарларын қоспағанда, ротаның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасарыжауынгерлік даярлық міндеттерін табысты орындауға, ұдайы жауынгерлік әзірлікті ұстауға, жауынгерлік міндеттерді орындауға, құқықтық негізде дара басшылықты нығайтуға бағыттай отырып, рота жеке құрамымен тәрбие жұмысын жоспарлауға және жүргізуге, рота сабақтарының кестесін жасауға қатысуға, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі (корабльде – кезекшілік және вахталық) қызметтерді өткеру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілердің қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери мүлікті меңгеруге және ұдайы әзірлікте ұстауға жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге, ротада жауынгерлік сайысты ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысуға, озық тәжірибені насихаттауға және таратуға, рота жеке құрамының бастамасы мен белсенділігін дамытуға, рота жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адал болу, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышына және әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылардың және бұйрықтардың талаптарын мүлтіксіз орындау, командирлерге (бастықтарға) саналы түрде бағыну және оларға құрметпен қарау, экстремизм мен терроризмге, жеке құрамға құрылымды бұзатын идеологияның ықпал етуіне қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге, күн сайын рота офицерлеріне, сержанттарына бағыныстыларды тәрбиелеуде көмек көрсетуге, әскери ұжымды шоғырландыру жөнінде шаралар қабылдауға, жеке құрамды достық пен жауынгерлік жолдастық, жауынгерлік дәстүрлер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауға ұдайы әзірлік рухында тәрбиелеуге міндетті.

Жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының жетекшілері мен олардың көмекшілерін теориялық және әдістемелік даярлауды жүзеге асыруға, оларды даярлау және сабақтар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауға, әскери тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардан сақтандыру, әскери қызмет қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, ротадағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың, әскери тәртіп жай-күйінің есебін жүргізуге, ротаның әрбір әскери қызметшісінің іскерлік, моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін білуге, жеке құраммен құқықтық, әскери, адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге, жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы қамқорлық жасауға, мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, әскери қызметшілердің шағымдары мен арыздарын шешу жөнінде шаралар қабылдауға, олардың туыстарымен және жақындарымен байланыста болуға, жеке құраммен мәдени-бос уақыт және спорттық жұмыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, роталық көркемөнерпаздарға басшылық жасауға міндетті.

Рота белсенділерінің, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесінің жұмысын, техникалық тәрбие құралдары мен тәрбие жұмыстарының мүлкін дұрыс пайдалануды және сақтауды ұйымдастыруға, жеке құрамды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға, рота командиріне және батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасарына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, жүргізілген тәрбие іс-шаралары, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

Рота командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық ақаусыздығына, оларды сақтауға және дұрыс пайдалануға, уақтылы техникалық қызмет көрсетуге, сақтауға, эвакуациялау мен жөндеуге, өз мамандығы бойынша ротаның жеке құрамын техникалық даярлауға жауап береді.

Рота командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары рота командиріне бағынады және рота командирінің орынбасарларын қоспағанда, ротаның барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Рота командирінің техникалық бөлім жөніндегі орынбасары бір аптаға сабақтар кестесін жасауға қатысуға, ротаның қару-жарағы мен әскери техникасын техникалық дұрыс пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, сақтауды, эвакуациялауды және жөндеуді ұйымдастыруға, оларды реттілікте және ақаусыз ұстау жөнінде шаралар қабылдауға, рота механик-жүргізушілерінің (жүргізушілерінің) әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымы мен мамандығын, отбасы жағдайын, іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізуге, рота қару-жарағы мен әскери техникасының құрылымын, пайдалану тәртібін, қағидаларын, техникалық қызмет көрсетуді, сақтауды, эвакуациялауды және жөндеуді, олардың бар болуы мен техникалық жай-күйін білуге; экипаждар (жүргізушілер) күштерімен жүргізілетін қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге жеке өзі басшылық жасауға міндетті.

Ротаның жеке құрамымен техникалық даярлау, машиналарды жүргізу негіздері мен қағидалары бойынша сабақтар өткізуге; техникалық мамандықтардың сыныптық мамандарын даярлауды жүргізуге, жанармай, жағармай материалдарын, қосалқы бөлшектерді және басқа техникалық мүлікті үнемді жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға, парктен шығарылатын машиналардың жай-күйін тексеруге және ол туралы жол парағында белгі жасай отырып, пайдалануға тек техникалық ақаусыз машиналарды жіберуге, ротаның қару-жарағы мен әскери техникасының апаттарынан, аварияларынан, бұзылуларынан, оқиғаларынан және зақымдануларынан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, олардың себептері және қабылданған шаралар туралы рота командиріне дереу баяндауға, машиналарды ротаның әрбір оқу-жаттығуларға немесе сабаққа шығуына әзірлеуге және қайтып оралғаннан кейін олардың жай-күйін тексеруге, оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды бақылауға, рота командиріне зымырандарды ұшырудың іске аспағаны, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға міндетті.

Сабақтарды, жұмыстарды, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды, эвакуациялауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру кезінде жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге және оларды орындауға қол жеткізуге, рота паркінде және машиналарында өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға, аптасына бір реттен жиі емес рота қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық жай-күйін тексеруге, қаруды нөмір бойынша тексеруді жүргізуге, қажетті техникалық мүлікке өтінімдерді уақтылы ұсынуға, оны дұрыс пайдалануды, сақтауды және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға, ротаның қару-жарағы мен әскери техникасының есебін жүргізуге, айына бір рет бригаданың техникалық қызметтерімен салыстырып тексеруді жүргізуге, формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс толтыруды жүргізуге, машиналар жұмысының (моторесурстар шығысының) белгіленген есебін және техникалық мүлік бойынша есептілікті жүргізуге міндетті.

Взвод командирі (топ, есептоп бастығы) бейбіт және соғыс уақытында: взводтың (топтың, есептоптың) жауынгерлік әзірлігіне, жеке құрамды жауынгерлік даярлауға, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; взводтың (топтың, есептоптың) қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да мүлкін сақтауға және оның техникалық жай-күйіне, взводтың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; взводтағы (топтағы, есептоптағы) жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға жауап береді.

Ол рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағынады және взводтың (топтың, есептоптың) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Взвод командирі (топ, есептоп бастығы) бағыныстыларды жеке өзі оқытып-үйретеді және тәрбиелейді. Ол взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамымен взводты тактикалық даярлау және жауынгерлік қолдану пәндері бойынша сабақтарды жеке өзі өткізуге және взвод сержантының және бөлімшелер командирлерінің сарбаздарды (матростарды) дұрыс оқытып-үйретуіне, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде взводты (топты, есептопты) шебер басқаруға бақылауды жүзеге асыруға, жеке құрамның дене даярлығын ұдайы жетілдіруге, взводтың жеке құрамының дене шынықтыру дайындығын жеке өзі бақылауға, взводты (топты, есептопты) жауынгерлік даярлаудың, құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың есебін жүргізуге, әрбір әскери қызметшінің тегін, аты, әкесінің атын, туған жылын, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық және әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге, взвод (топ, есептоп) жеке құрамының атаулы тізімін жүргізуге, взводтағы (топтағы, есептоптағы) қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, пайдалану қағидаларын, эвакуациялауды, жөндеуді білуге және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігін жеке өзі тексеруге, бағыныстылардың тұрмысы туралы қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге міндетті.

Взвод (топ, есептоп) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауын талап етуге, оның сыртқы келбетіне, әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын орындауына, керек-жарақтарды, киім-кешектерді, аяқкиімді дұрыс шақтап пішуге және жеке гигиенаны сақтауына бақылауды жүзеге асыруға, рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағыныстылардың мұқтаждықтары туралы, сондай-ақ оларды көтермелеулер мен қолданылған жазалары туралы баяндауға, жеке құрамға анағұрлым қатаң жазалау шараларын қолдану туралы ұсынуға, аптасына бір реттен жиі емес кезең-кезеңімен взводтағы (топтағы, есептоптағы) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге қатысуға, қару-жарақ пен әскери техниканы, жабдықтарды, киім-кешек пен басқа да мүлікті дұрыс пайдалануға, қызмет көрсетуге, сақтауға, эвакуациялауға және жөндеуге бақылауды жүзеге асыруға және аптасына бір реттен жиі емес оларды қарап тексеруді және бар болуын тексеруді жеке өзі жүргізуге, қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді әрбір оқу-жаттығуға немесе сабаққа шығаруға (алып шығуға) дайындауды, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтан қайтып оралғаннан кейін олардың бар болуы мен жай-күйін тексеруге, оқ атулар жүргізілгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге міндетті.

Оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдысты (сауытты), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді ротаны жауынгерлік қамтамасыз ету пунктіне уақтылы тапсыруға; рота командиріне зымырандарды ұшырудың іске аспағаны, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға, сабақтарда, оқ атуларда, оқу-жаттығуларда және қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыстар, зымырандармен, оқ-дәрілермен, арнайы улы техникалық сұйықтықтармен, уытты және жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс толтыруды жүргізуге, машиналар жұмысының белгіленген есебін және взводтың (топтың, есептоптың) техникалық мүлкі бойынша есептілікті жүргізуге міндетті.

Бригада, полк, жасақ, авиациялық база сержанты және оларға теңестірілгендер (бұдан әрі – бригада) бригада командирінің қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бірінші көмекшісі болып табылады, бейбіт және соғыс уақытында: бригада сарбаздары мен сержанттарын оқытып-үйретуге, әскери тәрбиесіне және тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; олармен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және өткізу сапасына, олардың кәсіби даярлық деңгейіне; бригаданың қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, оларды жоғары лауазымдарға жоғарылатуға, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберуге, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады және бригаданың барлық қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Полктер (жеке батальондар) сержанттары бригада сержантының міндеттеріне сәйкес міндеттерді орындайды.

Бригада сержанты жауынгерлік даярлық жөніндегі басшылық құжаттарды білуге, бағыныстылардан оларды орындауды талап етуге, жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге қатысуға және бригаданың сержанттар құрамын кәсіби даярлау есебін жүргізуге, ай сайын бригада сержанттар құрамының қызметтік істерін қорытындылауға, бригада командиріне және жоғары тұрған әскери басқару органының сержантына есеп берулерді және қажетті мәліметтерді ұсынуға, бригада сержанттар құрамының белгіленген құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізуін бақылауға, батальондар сержанттары кеңестерінің отырыстарына қатысуға және тоқсанына бір реттен жиі емес бригада сержанттары кеңесінің отырыстарын өткізуге міндетті.

Бағыныстылармен жеке әңгімелесулер жүргізуге, жеке кәсіби қасиеттерін дамыту мәселелері бойынша консультациялар беруге және тәрбиелеуге, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілерінің талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, роталар мен батальондар (жеке бөлімшелер) сержанттарымен көрсету, нұсқау беру-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге, бағынысты бөлімшелер сержанттарының лауазымдарын жасақтау жөнінде шаралар қабылдауға, взводтан және одан жоғары әрбір сержанттың тегін, атқаратын лауазымын, іскерлік, моральдық-психологиялық жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру бойынша жеке жұмысты жүргізуге, бригада әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) сержанттарына жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізуде көмек көрсетуге және оларды өткізуді бақылауға міндетті.

Жаңадан келген сержанттарды қабылдау, бөлу және барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету жөнінде шараларды уақтылы қабылдауға, олардың қалыптасуына көмек көрсетуге, бригаданың негізгі қару-жарағы мен әскери техникасының материалдық бөлігін, пайдалану қағидаларын білуге; бригаданың әскери техникасына техникалық қызмет көрсетуді кезең-кезеңімен бақылауға, бригаданың оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыруға, бригаданың қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, бригада командиріне әскери тәртіпті бұзулар туралы, сондай-ақ бригаданың қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына қолданылған көтермелеулер мен қолданылған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға, бригада қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға міндетті.

Бригада әскери бөлімдерінде (бөлімшелерінде) таңертеңгі дене жаттығуына, таңертеңгі тексерулер мен кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға және өткізілуін бақылауға, аптасына бір реттен жиі емес бригада әскери бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруін тексеруге, бригадада қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен спорттық жұмысты өткізуді ұйымдастыруға міндетті.

Бригада қызметінің сержанты бейбіт және соғыс уақытында: қызметтің және бағынысты бөлімшелердің материалдық-техникалық құралдарын, қару-жарағы мен әскери техникасын, жеке құрамын есепке алуға, қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамын оқытып-үйретуге, әскери тәрбиесіне және тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; олармен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және өткізу сапасына, олардың кәсіби даярлығы деңгейіне; өз мамандығы бойынша жеке құрамды даярлауға; өз қызметі бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды дұрыс пайдалануға және реттілікте және ақаусыз ұстауға; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаның жай-күйіне; қызмет объектілерінде бағынысты бөлімшелердің қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтауына және олардың өртке қарсы және санитариялық жай-күйіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жауап береді.

Ол қызмет бастығына, ал сержанттармен жұмыс мәселелері бойынша – бригада сержантына бағынады және қызметтің бағынысты бөлімшелерінің барлық қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Бригада сержанты өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге қатысуға, олардың орындалуын ұйымдастыруға, іс жүргізуге (іс жүргізушінің штаттық лауазымы болмаған кезде), материалдық-техникалық құралдардың, қару-жарақ пен әскери техниканың, жеке құрамның есебін жүргізуге, қызмет бастығына оларға бағынысты бөлімшелер мен қызметтердің қызметтік істеріне, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына басшылық жасауда; сондай-ақ қоймалар жұмысында көмек көрсетуге; оларда жарғылық ішкі тәртіпті ұсатуға, өз мамандығы бойынша сабақтар өткізуге, тиісті сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті

Бағынысты бөлімшелер мен қызметтердің сержанттар құрамымен көрсету, нұсқау беру-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге, қызмет және бағынысты бөлімшелердің қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарын жасақтау жөнінде шаралар қабылдауға, қызметтегі және бағынысты бөлімшелердегі әрбір сержанттың тегін, атқаратын лауазымын, іскерлік, моральдық-психологиялық және жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру бойынша жеке жұмысты жүргізуге, бағынысты бөлімдер мен қызмет қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктілік беру, оларды жоғары лауазымдарға жоғарылату, әскери оқу орындарына және курстық даярлауға жіберу жөніндегі, сондай-ақ кандидаттарды қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке сапалы іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізуге, өз қызметі бойынша қару-жарақ пен әскери техниканың және басқа да материалдық құралдардың бар болуын, жай-күйін, құрылымы мен пайдалану (қолдану) қағидаларын білуге, өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаны құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті.

Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының істері мен лауазымын қабылдауды, тапсыруды бақылауға; мемлекетке келтірілген материалдық залал анықталған кезде кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілерінің талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, бағынысты бөлімшелер мен қызметке жоғары тұрған қолбасшылықтың барлық бұйрықтарын уақтылы және дұрыс жеткізуге, оларды орындауды бақылауға, аптасына бір реттен жиі емес қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет өткеруін тексеруге, ай сайын бағыныстылардың қызметтік істерін қорытындылауға міндетті.

Бригаданың қызмет сержанты өз мамандығы бойынша әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) сержанттарына өз мамандығы бойынша жеке құрамды жауынгерлік даярлау жөнінде және қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) және қызмет көрсету жөнінде нұсқаулар және ұсынымдар береді, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың бар болуына кенеттен тексерулер жүргізеді, оқиғаларға немесе олардың істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындамау кезінде кемшіліктер анықталған кезде қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды тоқтатады.

Анықталған барлық кемшіліктер, оларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы бригаданың қызмет сержанты өзінің тікелей бастығына және бригада сержантына дереу баяндайды.

Батальон сержанты – жауынгерлік даярлық және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушы батальон командирінің қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бірінші көмекшісі болып табылады, ол бейбіт және соғыс уақытында: батальонның қатардағы жауынгерлері мен сержанттары құрамының жауынгерлік даярлығы жай-күйіне, жауынгерлік және дене дайындығына; батальон сержанттарының басшылық құжаттардың талаптарын білуіне және қолдануына; батальон сарбаздары мен сержанттарының әскери тәрбиесіне, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; батальон сержанттарының жауынгерлік және дене дайындығы, жалпыәскери жарғылар бойынша сабақтарды өткізу сапасына; батальонның қатардағы жауынгерлері мен сержанттары құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктілік беру, оларды жоғары лауазымдарға жоғарылату, әскери оқу орындарына және курстық даярлауға жіберу жөніндегі, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізуге; батальонның қатардағы жауынгерлері мен сержанттары құрамының сыртқы келбетіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады, батальонның қатардағы жауынгерлері, сержанттары құрамының тікелей бастығы және батальонда жауынгерлік даярлық, дене дайындығы және жалпыәскери жарғылар бойынша аға нұсқаушы болып табылады.

Батальон сержанты – жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушы батальонда жауынгерлік және дене дайындығын ұйымдастыруға және есебін жүргізуге, батальонды жауынгерлік даярлауды жоспарлауға қатысуға, батальонның сержанттарымен көрсету, нұсқау беру-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге, бағынысты бөлімшелердің сержанттар лауазымдарын жасақтау жөнінде шаралар қабылдауға, батальонда әрбір сержанттың тегін, атқаратын лауазымын, іскерлік, моральдық-психологиялық және жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбиелеу және кәсіби даярлықты жетілдіру бойынша жеке жұмысты жүргізуге, батальонның қару-жарағы мен әскери техникасының материалдық бөлігін, пайдалану қағидаларын білуге, айына екі реттен жиі емес роталардағы әскери техникаға техникалық қызмет көрсетуді бақылауға, қару-жарақ пен әскери техниканы оқу-жаттығулар мен сабақтарға дайындауға қатысуға міндетті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.