Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға бағытталған зал ашылды.

 

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға бағытталған «Әл-Фараби әлемі» атты арнайы зал ашылды. Енді барлық оқырман мен кітапханаға келушілер осы залды тамашалап, ұлы ойшылдың еңбегімен таныса алады.

Арнайы залға кітапхана қорындағы әдеби кітаптардан бөлек, Отырар ауданындағы Әбу Насыр әл-Фараби музейінен құнды жәдігерлер, атап айтқанда, Әл-Фараби сырнайы, кітаптар мен материалдар, Сирияның Дамаск қаласынан алынған музыка ноталарының көшірмесі, сондай-ақ, Отырар ауданының тумасы, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Әділхан Мәліктің картиналары және т.б. экспонаттар мен көрме-композициялар орнатылды.

Алдағы уақытта кітапхананың ғылыми қызметкерлерінің көмегімен ұлы бабамызға қатысты жәдігерлер мен құнды әдебиеттер қатарын көбейту жоспарланып отыр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.