Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Комиссия жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Шаттық Өтеев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қала кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау Кеңесінің төрағасы Мелес Сейтжанов, Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам және бизнес өкілдері қатысты.

Өңір басшысы қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Отырыс барысында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев комиссия мүшелерін маңызды заңнамалық өзгерістерден хабардар етті.

«Тек соңғы бірнеше жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңашылықтар енгізілді, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқару енгізілді, еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталары әзірленді. Бұл стратегиялық өзгерістер алдын алу бағытында да, жедел тергеу тәжірибесінде де қолданылады», – деп атап өтті Өтеев.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын жүзеге асыру барысында Департаментпен әртүрлі әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 12 тақырыптық талдау жүргізіліп, 60-тан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға әкімшілік кедергілерді және құқықтық базаның басқа да кемшіліктерін жою бойынша 100-ге жуық ұсыным енгізілді.

«Айта кету керек, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының қатысуымен ұсынымдар 100% – ға орындалды», – деп атап өтті қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Педагогтер мен дәрігерлерді жұмысқа орналастыру кезінде мектептер мен ауруханалар басшылығымен тікелей байланыстар жойылды, конкурстан тыс жер беру практикасы тоқтатылды, ӘКК пәтерлерін өткізу тәртібі өзгертілді, бірқатар құқықтық актілерді өзгерту бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ әкімдіктің бейінді мекемелеріне тұрғын үй беру тәсілдерін қайта қарау, жаңа бизнес-идеяларға гранттар беру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мемлекеттік сатып алу кезеңдерінің ашықтығы және т. б. салалар бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.

Сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу мониторингімен 5,2 млрд. теңге қаржы үнемделді.

Сөз соңында Жұмабаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын бірлесіп жүзеге асыру, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау практикасын жетілдіру және ISO 37001 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу жөнінде ұсыныстар берді.

Сессия соңында қала әкімі атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.