Шымкентте үшем дүниеге келді.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Мерзімінен бұрын туылған шақалақтар бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медиицналық бақылауында болған.

«38 жастағы қала тұрғыны Жазира Көшербаева жүктіліктің 32-аптасында Нұрсаттағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. 21-қараша күні дәрігерлер жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырды. Дүниеге келген үшемдердің салмағы – 1480 гр, 1380 гр, 1175 гр», – делінген жазбада.
Үшемге перинаталды орталықтың неонатологтары жиырма бес күн қарап, медициналық көмек көрсетті. Асылбек, Әмина, Медина есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
Денсаулықтары жақсарған үш сәби мен анасын перзентханадағы дәрігерлер сән-салтанатпен шығарып салды.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.