Шымкент қаласында «Айбынды жастар – Тәуелсіздік тірегі» атты әскери-патриоттық форум өтті.

Аталған жиын Шымкент қалалық жас сарбаздар мен оқытушыларды марапаттау және ерлік сабақтары бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында республикалық деңгейдегі байқау және жарыс жеңімпаздарын Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының бөлім басшысы Жанар Сыздықова марапаттады.

 Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық өмірдің әліппесін үйретіп, теория мен практиканы ұштастырып, ұғындыра білген « Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімдеріне де алғыс айтсақ артықтық етпейді. Олардың еңбегін жас сарбаздар айқындап берді, – деді Жанар Сыздықова.
Шымкент қаласының жалпы орта мектептерінде 21 «Жас сарбаз» сыныбы ашылған. Онда 500-ге жуық тәрбиеші өз қызметін атқарады.
– Жыл басынан бері Білім беру ұйымдарында кадет корпустары, жас сарбаз клубы және Айбынды жастар жарысына қатысушылар көптеген іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Жыл бойы өзін жоғары деңгейде көрсеткен оларды бүгін марапаттаймыз, – деді полковник Онбаев Серікбай.
Жылдың қорытындысы бойынша тәжік-ауған ардагерлерін, өскелең ұрпақты ел қорғауға дайындау мақсатында жұмыс істеген колледж, мектеп мұғалімдерін және жас сарбаздарды марапаттады.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша тек Шымкент қаласында ғана Ауған соғысы, тәжік-ауған, Таулы Қарабақ, Чернобль, Семей ядролық сынақ, Қарулы күштер, Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп үлкен коалиция құрған болатын. Олардың басты мақсаты – жас ұрпақты әскери өмірге тәрбиелеу.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.