«Қауіпсіз Жаңа жыл!» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында тақырыптық рейдтер өткізді.

Рейд кезінде полиция қызметкерлері сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтайды. Кәсіпкерлердің пиротехникалық бұйымдарды қалай сатып алатынын, тасымалдайтынын және сақтайтынын тексереді. Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 196-бабы бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде 12 әкімшілік хаттама жасап, жалпы сомасы 918 900 теңгеге айыппұл салды. Сонымен қоса, сауда-саттыққа заңсыз қойылған 90 килограмм пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

Сондай-ақ, акция барысында ұйымдастырушылар барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қауіпсіз жұмыс күндерін және барлық тілектерінің орындалуын тіледі және қала тұрғындары мен қонақтарын шыршаны безендірупиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазіргі уақытта 10000-нан астам үгіт материалдары, 300-ден астам нұсқаулық таратылды. Адамдар жаппай болатын объектілерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тәулік бойы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылады.

Өрттер мен олардың салдарын азайту мақсатында құтқарушылар полицейлермен бірлесіп «Пиротехника», «Қауіпсіз Жаңа жыл!» акциялары барысында 45 рейд жүргізді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.