Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Терме – нақыл өсиет» тақырыбында талантты жастардың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті.

Аталған кездесудің мақсаты – жастардың бір-бірімен өзара байланысы мен қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру.

Шығармашылық кездесу барысында талантты жастар қазақ салт-дәстүр өнерінде кеңінен қолданылып келе жатқан, лирикалық өлеңнің бір түрі – терменің шығу тарихын баяндап, бірнеше жыраулардың термелерін орындады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.