ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты. 

«Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды», – деді министр үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.

tengrinews.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.