Медицина саласында қызмет көрсететін отандық “Cerebra” стартапы жаһандық Global Startup Awards байқауының гранд финалына өтті.

Бас жүлде наурыз айының 28-29 күндері Дания астанасы Копенгаген қаласында өтетін шарада табысталады. Финалда топ жару үшін қазақстандықтарға қолдау қажет. Онлайн дауыс беру үшін сайтқа өтіп, Best Ver Tech аталымы бойынша “Cerebra” жобасын таңдау керек.

“Бұл – кино саласындағы Оскар сыйлығына пара-пар IT саласындағы беделді дода. Байқауда жеңіске жетіп жатсақ әлемдік IT қауымдастықпен қарым-қатынас құрып, алпауыт компаниялармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік пайда болады. Оған қоса инвесторлардың назарын аударып, дүниежүзілік нарыққа шығуға жол ашылады” – дейді “Cerebra” жобасының жетекшісі Досжан Жүсіпов.

“Cerebra” жобасын Alma­ty A.I.Lab лабораториясының жас мамандары ойлап тапқан. Отандастарымыз 2018 жылдан бастап жасанды интеллект технологияларын дамытумен айналысып келе жатыр.

Аталған жасанды интеллектің көмегімен инсульт 10 минут ішінде танылады. Сонымен қатар бұл мидың зақымданбаған паренхима бөлігімен салыстыру арқылы ядродағы тіндердің тығыздығының өзгеруін нақтылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, пациентке жедел емдеу тағайындалып, функцияны жоғалту және неврологиялық тап­шылық қаупі азаяды.

Бұл софт медицинада ерекше маңызды. Себебі, инсульт Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Жылына 40 мыңға дейін инсульт тіркелсе, оның жартысы өлімге, ал 80%-ы мүгедектікке әкеледі. Сондай-ақ, еліміз инсульт дерті белең алып тұрған 30 елдің тізіміне кіреді.

 azattyq-ruhy.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.