Шымкент қаласында заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары қызу жүргізілуде.

Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы мәлімдеді.
Жыл басынан бері қалада 21 құрылыс нысаны бойынша 63 хаттама толтырылып, құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір қала аумағында заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау бойынша аудан әкімдіктерімен бірлесе мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
«Қалада заңсыз құрылысқа жол берілмеу керек. Бұл бағыттағы шараларды күшейту қажет. Сондай-ақ, салынатын құрылыс нысандарын алғашқы кезеңнен бастап барлық талаптарға сай қатаң қадағалаңыздар. Сапасыздықты алдын алу үшін нысандарға қатысты соңғы қорытындыны шығаратын техникалық бақылаушылардың жауапкершілігін артыру қажет» – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қала басшысы саладағы түйіткілді мәселелерге де тоқталды. Жаңа шағынаудандарда бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарына тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.