Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жастарды әскерге шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қала әкімінің бірінші орынбасары қалалық шақыру комиссиясының төрағасы Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралды.
Кездесу барысында жергілікті әскери басқару органдары, полиция, Денсаулық сақтау басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Жауапты мамандар өз қызмет бағыттары бойынша баяндамалар жасады.
Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу бөлігіндегі жұмысына қатысты мәселелер қозғалды.
Қуаныш Асылов жауапты тұлғаларды әскери қызметке шақыру барысын бақылауды күшейтуге және азаматтардың шақыру комиссиясының отырыстарына келуін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға шақырды.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.