Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына келді.

 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына келіп, су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жиында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.

Айта кетсек, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан қызметкерлер Сауран ауданындағы Майдантал ауылын қауіптен сақтап қалды. Жалпы, 200-ден астам адам және 800 басқа жуық мал эвакуацияланды. Су жолына инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, кей жерлерде су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамдары қауіптің сейілмегенін көрсетіп отыр. Сондықтан жағдай ерекше бақылауға алынған. Республикалық және облыстық жедел штабтар мен «жедел желі» жұмыс істеп тұр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.