Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді.

2023 жылдың 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шараға азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысады.

Көрме аясында отандық кәсіпкерлермен іскерлік байланыс орнатуға ниетті Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия, Ресей Федерациясы секілді елдерден 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушылар Түркістанда бас қоспақ.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында этноқалашық, гастрофестиваль, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, қолөнер шеберханаларымен танысу сияқты іс-шаралар өз келушілерін күтеді.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы:

20 наурыз 2023 ж., сағат 10.00.

Түркістан қаласы, «Karavan Saray» кешені.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.