Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласы және Сауран ауданының тұрғындарымен кездеседі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 11.00-де Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2, мәдениет сарайында өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 12.00-де Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі 2, мәдениет сарайында өтеді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 16.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 14, «Шорнақ орта мектебінде» өтеді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2023 жылғы 3 ақпанда сағат 17.00-де Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 20, «Сауран аудан әкімдігі» ғимаратында өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2023 жылғы 2 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.