Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапармен барды.

Мемлекет басшысының ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде тапсырмалары сапалы орындалуы тиіс. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапармен барып, аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды қадағалады. Бірнеше кәсіпорын мен нысанды аралап, жергілікті басшыларға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі мен игіліктерін тұрғындарға түсіндіруді, оларға көмектесуді тапсырды. Жаңа жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты.

«Елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын реттестірумен бірге, ауыл тұрғындарын жұ­мыспен қамту, табыс көзін қалыптастыру қатар жүруі керек. Бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық беріледі. Осы екі бағытты бір-бірінен бөлуге болмайды»,– деді облыс әкімі.

Сапар барысында облыс әкімі Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан медицина орталығында болды. «Қыдыр ата» медициналық орталығы күніне 100 азаматқа дейін қызмет көрсетеді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.