Мақтаарал ауданында көктемде 8 мыңға жуық көшет егіледі.

 

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 2023 жылдың көктем мезгілінде 8 мыңға жуық көшет егіледі деп жоспарланып отыр.

Бұл ауданда 2022 жылдың күз мезгілінде 10522 дана ағаш егілді. Оның ішінде «Шардара орман» КММ-нен 500 дана үйеңкі (клен) және 465 дана қарағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында орналасқан «Жасыл желек» КММ-нен 5512 дана ағаш көшеті әкелінді.

Атап айтсақ, 1400 дана айлант, 465 дана қарағаш, 2265 дана үйеңкі, 1182 дана ясень, 100 дана Сирия раушаны, 50 дана туя және 50 дана арша әкелінді. 1575 дана көшет Шымкент қаласында орналасқан «Бадам орман» КММ-нен жеткізілді. Соның ішінде арша 125 дана, туя 100 дана, тұт 1300 дана, легустра 50 дана егілді. Қалған 2470 дана ағаш көшеті аудан аумағында орналасқан саябақтан алынып, 2 кент, 9 ауылдық округ әкімшілігінің орталық көшелеріне егілді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.