Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысында жұмыстың 70 пайызы атқарылған.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев мәлімдеді.

Жобаға сәйкес, жолайрықтың төменгі деңгейінде Арғынбеков көшесінің бойында ашық тоннель салынып жатыр.

Басқарма басшысының айтуынша, ол мамыр айында пайдалануға беріледі. Ал, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады. Қазір 1-ші және 4-ші оң жақ бұрылыстар көлік қозғалысы үшін ашық.

Мамыр-маусым айларында 2-ші және 3-ші оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол ашылады. Осылайша жүргізушілер Бәйдібек би даңғылымен де, Арғынбеков көшесімен де жүруіне мүмкіндік пайда болады.

Ал, жолайрықтың жоғарғы деңгейінде Бәйдібек би даңғылын бойлай салынып жатқан эстакада қазан айында ашылады деген болжам бар. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін толығымен аяқталады. Құрылыс жұмыстарына 35-тен астам техника жұмылдырылған. Құрылыс аумағында 2 ауысыммен 200-ге жуық адам жұмыс істеуде.

Жалпы қаладағы жолдардың қанағаттану деңгейін биыл 67,4 пайыздан 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Мұнан бөлек БАҚ өкілдері Қонаев даңғылы жалғасын салудың 3-кезеңі, А-2 айналма жолын қайта құрудың 2-кезеңі және 4-кезеңі, Өтегенов көшесін жалғастыру құрылысының 1 және 2-кезегі, Адырбеков көшесін қайта құру, шығыс айналма жолы құрылысының 1-кезегі, Темірлан тасжолының бойында жолаушылар өткелін салу

жұмыстарының барысымен де танысты.

Спикердің айтуынша, биыл 250 аялдама павильонын, қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, қала көшелеріне алпы 400 шақырым жол таңбасы сызылып, әлеуметтік мекемелердің алдына жалпы ұзындығы 800 метр жасанды жол кедергілерін орнату жоспарланған.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.