Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру бойынша арнайы жиын өтті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз хатшылығы.

Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармалары мен мердігерлердің қатысуымен өткен басқосуда қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.

Өңір басшысы жауаптыларға ең алдымен сапаны жақсартып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды. Бұл ретте мердігерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ, мердігерлерге қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ақауларын тез арада қалпына келтіру қажеттігі жеткізілді. Басқарма басшыларына әрбір нысанды қабылдауда тиісті талаптардың сақталғанын қатаң қадағалап, сапассыздыққа жол бермеу тапсырылды.

Бұған дейін қалалық құрылыс басқармасының айтуынша тұрңын үй құрылысы мее сапасын жақсарту үшін тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартқа қосымша 43 талап енгізілетінін айтқан болатынбыз.
Олар, құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында енгізілді.

Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді.
Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.

Бұдан бөлек тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер енгізілуде.
Олар:
1) Қасбеттерге заманауи материал, фибробетон, композитті панель қолдану;
2) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату арқылы түнгі көрнісін көріктендіру;
3) подъездің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу;
4) автоматты суару жүйесін орнату;
5) қабарғаларды газоблок орнына күйдірілген кірпішпен қалау.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.