Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелеуде қалалық ҚХА тарапынан түрлі игі бастамалар қолға алынды. Соның бір «Таза қала» акциясы аясында ағаш отырғызу іс-шарасын өткізді. Олар А.Асқаров атындағы дендросаябаққа 100 түп ағаш отырғызды.

—Шымкенттегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де Наурыз мерекесін ерекше жағдайда қарсы алды. Мереке қарсаңында Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, бейбітшілікті сақтау, қайырымдылықты және этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту, қала аумағын абаттандыру шараларын жалғастыруда. Биыл А.Асқаров атындағы дендросаябақта ҚХА мүшелеріне арналған «Достық» аллеясы үшін жер бөлінді. Бүгін қаламыздағы 17 этно-мәдени бірлестіктің төрағалары мен қоғамдық құрылым өкілдері арнайы бөлінген жерге ағаш отырғызуды бастап кетті. Біз алғашқы кезеңде жоспарлаған 100 түп көшет отырғызуды бастадық – деді Шымкент қаласының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұхтар Ақжігітұлы.

Көшет отырғызу ісі қаланы көркейтумен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа, адамзатқа да жасалған қайырымдылық дегенді алға тартқан шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев шымкенттіктерді көбірек тал егуге шақырды.

—Наурыз — бейбітшілік пен достықтың, молшылықтың мерекесі. Осы мейрам қарсаңында ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру құптарлық іс. Әр адам жоқ дегенде бір ағаш егу керек. Ал, 10 көшет отырғызса Жер-Ана алдындағы мың парызының бірін орындағаны. Сондықтан барша қала тұрғындарын өз қаламыздың табиғатын жақсарту, болашақ ұрпаққа үлгі ету үшін көбірек ағаш отырғызуға шақырамын,—деді этномәдени бірлестік төрағасы.
Ұйымдастырушалардың сөзінше, таңнан бастау алған көшет отырғызу акциясы кешке дейін жалғасын таппақ.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.