Құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді.

Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді.

Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.

Бұдан бөлек тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер енгізілуде.

Олар:

1) Қасбеттерге заманауи материал, фибробетон, композитті панель қолдану;

2) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату арқылы түнгі көрнісін көріктендіру;

3) подъездің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу;

4) автоматты суару жүйесін орнату;

5) қабарғаларды газоблок орнына күйдірілген кірпішпен қалау.

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов баспасөз брифигинде айтып өтті.

2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан жалпы көлемі 254,2 мың шаршы метрді құрайтын 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде:

– арендалық 29 үй (1364 пәтер) (Тұран ықшам ауданында-6 үй, Бозарық мөлтек ауданында-23 үй);

– кредиттік 43 үй (1978 пәтер) (Тұран ықшам ауданында-12 үй, Бозарық мөлтек ауданында-31 үй).

Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден  3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38 тұрғын үй, арендалық-29 тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін, нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.