Халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бюджеттеудің жаңа тәжірибелерін кеңінен енгізуге қатысты бастамалар елімізде 2020 жылдан бастап іске асырылып жатыр.Бағдарламаның мақсаты – тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.

Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді.

Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады. Бұл жөнінде Қаратау ауданы әкімдігі хабарлады.

Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында – 2, Нұртаста – 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына – 1 спорт алаңы салынады.

Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.