Бүгінгі таңда елімізде тұрғын үй саясатын жүргізуде халыққа тиімді жаңа реформалар енгізілді.
Олар: мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жәй серіктестік (ЖС) болып табылады.

Мүлік иелерінің бірлестігінің басты қағидасы «Бір үй – Бір бірлестік» болып табылады. Көпқабатты тұрғын үйді мүлік иелерінің бірлестігі ретінде тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) арқылы құжаттары тапсырылады.

Меншік иелері көпқабатты тұрғын үйлерінде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру мақсатында жалпы жиналыс өткізеді және жалпы жиналыс шешімімен меншік иелерінің құрамынан үй кеңесін үш жыл мерзімге ал мүлік иелері бірлестігінің төрағасын (төрайымды) бір жыл мерзімге сайлайды. Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) Әділет басқармасында – заңды тұлға ретінде тіркеу қажет.

Жаңа қабылданған заңнаманың нормаларына сәйкес, әр үйде өз үйлерінің үй кеңестері болуы шарт. Оның құрамына үшеуден кем емес меншік иелері болуы тиіс. (құрамына үй төрайымы кірмейді). Үй кеңесінің басты міндеті – мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жәй серіктестіктің (ЖС) қызметіне бақылау жүргізу.

Үй кеңестері мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ), Сенімді өкілді, басқарушы компаниялардың жұмыстарынан бөлек коммуналдық қызметтің сапасына, сервистік компаниялардың келісім шарттарындағы көрсетілген қызмет түрлерінің орындалуына, қаржы шығындарының жұмсалуына, үйлердің күтіп ұсталуына басқару органдарының есебінің берілуін қамтамасыз етілуіне мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Үй кеңесінің шешімі кеңестің көпшілік дауысымен қабылданады. Сондай-ақ тиісті хаттамалары толтырылады.

Жәй серіктестік дегеніміз – меншік иелері жалпы жиналыс шешімімен араларынан сенімді өкілді таңдайды және таңдалған адам барлық меншік иелерінің берген сенімхаты негізінде әрекет етеді. Жәй серіктестіктің тағы бір айырмашылығы ол – заңды тұлға болып саналмайды.

Бұдан бөлек, меншік иелері үйді басқару функцияларын жалпы жиналыстың көпшілік дауысының шешімімен басқарушы компанияларға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаратын меншік немесе тұрғын жай емес ғимараттың иесі болып табылмайтын жеке тұлғаларға беруге болады.

Басқарушы компаниялар бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсете алады.

Заң бойынша кондоминиум нысаны жалпы мүлігінің бір бөлігін сатуға немесе жалға беруге тыйым салынады. Тиісті шешім тұрғындардың жиналысында қабылдануы керек.

Кейбір құрылыс компаниялары немесе басқарушы компаниялар үйді кондоминиум ретінде тіркемей тұрып, оның бөліктерін, яғни жертөлелерін, баспалдақ алаңдарын немесе іргелерін сатып жібереді. Заң бойынша мұндай жағдайлардың алдын алу үшін кондоминиум ауданын енді үйді жоспарлау кезінде-ақ анықтап алады. Оған қоса, пайдалануға қабылданған көп пәтәрлі тұрғын үйдің кондоминиум нысанын мемлекеттік тіркеу міндеті үйді салушы компанияға жүктеледі.

Егер мүлік иелері үй маңындағы жер учаскесін жалпы мүлік құрамына кіргізуді қаласа, жиналыста тиісті шешім қабылдап, жергілікті атқарушы органға өтініш бере алады. Олай болмаған жағдайда жер мемлекеттік меншікте болып, оны күтіп-сақтау шығыны бюджет есебінен іске асырылады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.