Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бозарық шағынауданында болып, елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша шаһар басшысы қаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстармен танысқан. Қазіргі уақытта шағынауданда 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қаралған. Олардың 65-і мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қазір шағынауданда 16 тұрғын үй бой көтерген, бұл нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қалған 49 үйдің құрылысы келесі жылы басталады.

Сонымен қатар шағынауданда алдағы уақытта мектеп, емхана салынады. Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс сапары барысында Бозарық-3 шағын ауданында бой көтеріп келе жатқан спорт кешенінің ғимаратын қарап шықты. Спорт мектебі ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалармен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің теңгеріміндегі бос жерде салынуда. 100 оқушыға лайықталған ғимаратта ауыр атлетикаға арналған платформалар қарастырылған. Нысан келесі жылы мамыр айында қолданысқа берілмек.

Қала басшысы жауаптыларға шағынауданда салынып жатқан барлық құрылыс нысандарының сапасын қатаң бақылап, жұмыстардың өндірістік кестеге сай орындалуын қадағалауды тапсырды. Бұл ретте техникалық қадағалаушылардың жауапкершілігін арттырып, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.