Балық шаруашылығы әлемнің көптеген елдерінде экономиканың дамушы секторларының бірі болып табылады.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов балық шаруашылығының жайымен танысты. Маятас елді мекеніндегі «Бадам» су қоймасының жанынан құрылған «Айнакөл 2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің балық шаруашылығында болды.

Қазіргі таңда су тоғанының жанындағы жасанды көлге 50 мыңнан аса балық шабақтары жіберілген. Көлдің аумағы 5,5 гектарды құрайды. Кооператив басшысы Дильдахан Ахметов үкімет қолдауларын ұтымды пайдаланып, қалада балық өндірісін дамытуды көздейді.

Жеке кәсіпкер Равшан Махамадов те қолдан жасалған су тоғанын құрып, балық асырауда. Бүгінде жасанды көлге балық шабақтарын жіберіп, алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Осындай кәсіпкерлердің бірі Данияр Рахымжановтың шаруашылығында 72 бассейн бар. Мұнда негізінен «африкалық жайын» мен «тұқы» өсіріледі. Өйткені, балықтың бұл түрі тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие.

Қазір африкалық сомның шабағы шамамен 500-600 мыңға жетеді дәл қазіргі уақытта. Сәл ірісінің 20-30 мыңдайы бар көлге тасталатыны. Бұл африкалық сомның бассейндері босағаннан кейін карптың шабақтарын тастаймыз деп отырмыз.

Балықтың бұл түрін өсіру кәсіпкерлерге аса тиімді. Өйткені, небәрі жарты жылда екі келіген тарта салмақ жинайды. Сондай-ақ кез-келген ауруға иммунитеті қалыптасқан. Шабақтарын сағат сайын азықтандырса, ірісіне күніне үш рет жем шашады. Жергілікті 10 адам тұрақты жұмысқа тартылған.

Аймақ шаруалары арасында балықтың қорегі мен құнарлы жеміне қашан да сұраныс көп. Тиісті басқарма бұл мақсатта іс бастаймын деген кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін іздестіріп жатыр.

Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруда нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.