Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлының айтуынша, аудан шекарасының қайта өзгеруіне байланысты тұрғындардың табиғи газбен қамтылуы 87,2 пайызды құрап отыр. Ал, қалған 12,8 пайызды табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары 2023-2025 жылдарға арналған жоспарға енгізілген. Қазіргі таңда 5 елді мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3 739 абонентін газ жүйесіне қосу үшін жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

— Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамтылуы 98,3 пайызға жетіп отыр. Ал, аудан тұрғындарының 1,2 пайызы уақытша жекеменшік электр жүйесіне қосылса, жаңа құрылыс аумағындағы 0,5 пайызы жарықпен қамтылмаған. Биыл Исфиджаб елді мекенін сапалы электр жүйесіне қосу үшін мердігер мекеме анықталып, жобалау – сметалық құжаттарын әзірленіп жатыр, – деді аудан әкімі.
Ал, Тұран ауданы аумағында барлығы 355 аула бар. Абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Нақтырағы, ойын алаңшалары мына аумақтарға орнатылатын болады:
1. Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі;
2. Құрсай е/м Бекболатов көшесі;
3. Құрсай е/м Сатқанбаев көшесі;
4. Құрсай е/м Әулиекөл көшесі;
5. Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі;
6. Қазығұрт е/м Оңдасынов көшесі;
7. Отырар ш/а №52;
8. Бәйдібек би көшесі №246;
9. Жарқынбеков көшесі №17;
10. 112 орам;
11. Ақжар елді мекені;
12. Ақтас елді мекені;
13. Арғымақ елді мекені.

Сонымен қатар, 10 аумақта ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Олар:
1. Отырар ш/а №15/1
2. Отырар ш/а №41
3. Отырар ш/а №55
4. Отырар ш/а №13
5. Отырар ш/а №11
6. Орманов көшесі №40-42
7. Құрсай елді мекені атауы жоқ көше
8. Құрсай елді мекені Сатқанбаев көшесі
9. Құрсай елді мекені Оңдасынов көшесі
10. Қазығұрт елді мекені Жұлдыз көшесінде орнатылады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.