Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді.

Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеуден өткізу барысында қатысушылардың  некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы әсер етеді.

Сондай ақ,  «Qamqor» бағдарламасына 63 жасқа дейінгі қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы тиіс. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор «Отбасы Банк» АҚ-ы болып табылады. «Qamqor» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін  қолжетімділікке басымдық берілетін болады.

Үміткерлер тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан өздері тауып, сатып ала алады.

Қарыздың максималды сомасы 20 млн. теңгені құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында ипотека мөлшерлемесін төмендетуге болады. Қарыз бойынша төлемді азайту мүмкіндігі азаматтар үшін қолжетімді болмақ.

Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен

3 млрд.теңге қаржы қаралды.

Несие бойынша мөлшерлеме 5%, алғашқы жарна 10%, 20 жыл мерзімге беріледі.

Бүгінгі уағдаласу тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарды пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.