Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының тарапынан мүгедектігі бар және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға тұрақты негізде жұмыс орындарына квота белгілеу шаралары жүзеге асырылып отырады.
«Мүгедектегі бар азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №2452 қаулысына сәйкес 50 ұйымға 227 жұмыс орыны бекітіліп, қазіргі таңда, 25 мекемеге 54 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесі бірлесіп тұрақты түрде мүгедектігі бар азаматтар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіліп отырады.
Ал, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы бойынша 20 мекемеге 56 жұмыс орны бекітілген. Бүгінгі таңда, Квота бойынша жұмысқа орналасқан азаматтар саны — 13. Атап айтқанда, «Қуатжылуорталық-3» МКК-на 7- азамат, «Алтын Дән» ЖШС-не 3-азамат, «KAZPLAST» ЖШС-не 2-азамат және 1 азамат «Транстелеком» АҚ Шымкент қаласындағы «Шымкенттранстелеком» филиалына жұмысқа орналасты.
Аталмыш шаралардың басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтар мен пробация қызметі есебіндегі жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыс беруші мекемелерге қажетті кадрларды табуға ықпал ету.