Вьетнам инвесторлары Шымкент қаласында бірқатар салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі . Вьетнам инвесторлары Шымкент қаласының аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, қос тараптар арасындағы сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, қос тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырылды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі .
Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жеткен екен, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есеге артқан екен.Қазіргі таңда үшінші мегаполистың инвестициялық тартымдылығы бойынша республика бойынша алдыңғы орындарды бермей тұр. Айта кету керек, былтыр қала экономикасын арттыру мақсатында 1,2 млрд инвестиция тартылған болатын.
Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде қос тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, жүзеге асыратын инвестициялық жобалар талқыланды. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі