Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданын бұл күндері 11 мыңнан аса халық мекендейді. Шағын ауданда 67 көше және 2800 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, 1 мектеп, 3 балабақша, 5 ойын алаңшасы орналасқан. Ынтымақ-2 аталатын елдімекендегі 67 көшенің 7-і асфальтталса, 54-іне шағал тас, ал алтауына топырақ төселген.
Сондықтан бекітілген жоспарға сай келесі жылы шағын ауданда 12 көше, атап айтқанда:
1. Қайынды көшесі
2. Дарабоз көшесі
3. Таңнұры көшесі
4. Имантау көшесі
5. Іле көшесі
6. Орда (Батыс) көшесі
7. Жаңақоғам (Батыс) көшесі
8. Сазсырнай (Батыс) көшесі
9. Жоласар (Батыс) көшесі
10. Сарқан (Батыс) көшесі
11. Сарыжаз көшесі
12. Голд алюминий көшесі жөнеледі деп жоспарланған.
Ал, талшықты интернет желісі 2024 жылы тартылады. Сонымен қатар спорт алаңшаларын салу мақсатында шағын аудан аумағынан бүгінде жер телімі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, елдімекен 100 пайыз электр жарығы және ауыз сумен қамтылған.
Табиғи газ мәселесіне келсек, Ынтымақ-2-ге газ құбырын тарту үшін жоба құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары биыл 2023 жылы жүргізіледі, ал аяқталу мерзімі 2024 жыл.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі