Департаментпен 2019 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы зияткерлік меншік құқығы саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылған.
Департаментпен 2019 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жоспардан тыс 7 тексеру жүргізілген. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 6 құқық бұзушылық анықталды.Жалпы, тексеру барысында 368 529,55 теңгенің 7 135 дана контрафактілік өнімдері заңсыз айналымнан алынған. ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен 6 әкімшілік іс қозғалып, 6 әкімшілік іс сотпен қаралып, толығымен қанағаттандырылды. Сот қаулыларына сәйкес, құқық бұзушыларға 404 000 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.
Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланған құқық бұзушыларға тоқталар болсақ:
- 08.02.2019 жылы «Күлкі базар» жеке кәсіпкері «Жар-Жар» тауар таңбасын заңсыз пайдалану туралы арызы негізінде, ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарының сақталуы мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында құқық бұзушы «Жар-Жар» бөтен фирмалық атауы заңсыз пайдаланғаны анықталып, 30 000 теңгені құрайтын банер айғақты зат ретінде тәркіленді. Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс сотпен қанағаттандырылып, сот қаулысына сәйкес құқық бұзушыға 20 АЕК, яғни 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынды
- 19.02.2019 жылы «Future Enterprises PTE LTD» компаниясы «MacCoffe» тауар таңбасын заңсыз пайдалану туралы арыздары негізінде, жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарының сақталуы мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жеке кәсіпкерлердің қоймасынан 231 130 теңгенің 6125 дана «MacCoffe» (3 в 1) контрафактілік өнімдері айғақты зат ретінде тәркіленіп, аталған жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Аталған істер сотпен қанағаттандырылып, сот қаулысына сәйкес 80 АЕК, яғни 151 500 көлемінде айыппұл салынды.
- 12.02.2019 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінен «Ассам» тауар таңбасына қатысты айғақты заттармен қоса хат келіп түсті. Аталған хатта құқық бұзушы 250 граммдық «Ассам» маркалы шәйдің тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, шәйдің жалған қорабын жасап, құрғақ шәйді салып, «Ассам» маркалы шәй деп сатып жүргені көрсетілген. Айғақты зат ретінде 14 354,55 теңгенің 945 дана контрафактлік қораптары тәркіленген. Нәтижесінде, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен тиісті хаттмалар толтырылып, әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс сотпен қанағаттандырылып, сот қаулысына сәйкес құқық бұзушы 20 АЕК, яғни 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынды
- 11.04.2019 жылы С.А.Губайдулиннің «Генацвале» тауар таңбасын заңсыз пайдалану арызы негізінде, «Генацвале» кафесінің жеке кәсіпкерінің қызметіне ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарының сақталуы мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында аталған жеке кәсіпкерге «Генацвале» бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны анықталып, 48 000 теңгені құрайтын кафе қабырғасында ілініп тұрған «Генацвале» атауы айғақты зат ретінде тәркіленді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс сотпен қанағаттандырылып, сот қаулысына сәйкес құқық бұзушыға 30 АЕК, яғни 75 750 теңге көлемінде айыппұл салынды
- 28.05.2019 жылы «The Procter & Gamble Company» компаниясы «Fairy» тауар таңбасын заңсыз пайдалану туралы арызы негізінде, ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарының сақталуы мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жеке кәсіпкердің қоймасынан 45 045 теңгенің 63 дана «Fairy» (сочный лимон, 900мл.) контрафактілік өнімдері айғақты зат ретінде тәркіленіп, аталған жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабымен әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс сотпен қанағаттандырылып, сот қаулысына сәйкес құқық бұзушыға 30 АЕК, яғни 75 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
- Құқықтық насихат бойынша:
Департаментпен прокуратура, ішкі істер, кеден органдары қызметкерлерінің, оқу орындары, жеке кәсіпкерлер және құқық иегерлерінің қатысуында дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп, онда зияткерлік меншік құқығы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мәселелері жан-жақты талқыланды.
2019 жылдың 6 айында жалпы 4 семинар, 2 дөңгелек үстел, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 3 мақала жарияланып, теледидар мен радио арқылы 11 сұхбат берілді, кәсіпкерлерге арнайы 3 дәріс оқылған, Интернет ресурстарға іс-шаралардың 14 ақпараты жарияланған.
Жарияланған мақалалар, телеарна мен радио арқылы берілген сұхбаттардың және дәрістердің анықтамалары жинақталған, дөңгелек үстел мен семинар хаттамалары тиісінше түзілген.
Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жұмыстары өз жалғасын табуда.
Т.Бекмұрзаев, бас маман