Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады.
Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені – 42 метр, 6 жолақты.
Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі .
Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы тұрғындарында қос қуаныш. Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы мен Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген еді.Жалпы аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған болатын. Бұдан бөлек 9 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өткізілген еді.
Маусым-тамыз айларында 28 аула абаттандырылып, 22-сі пайдалануға берілді.
Мұнда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған болатын.
Сонымен қатар Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өткен болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі