Бүгінде қаладағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соыңна дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.
Шымкент қаласында шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі .
Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті.
Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, қалалық мәслихат депутаты Айжан Наимбекова, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев тұрғындармен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексерді. Биыл сәуір айында 4 инвестормен меморандум түзіліп, 2023 жылы 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жасалған.
Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі