Қала аумағындағы конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында, оларды жою бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды.
Кеміргіштерге қарсы 1 609 740 ш.м – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 ш.м – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылды.
Масаларға қарсы 37 өзен-каналдар (1 355 200 ш.м.), 11 саябақтар (2 481 650 ш.м.), 38 гүлзарлар мен аллеялар (855 064 ш.м.) аумақтары дезинсекцияланды.
Ал, кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 1 950 000 ш.м. қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 2 046 714 ш.м. саябақтар мен гүлзарлар, 375 750 ш.м – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсыздандырылып, 95 299 бас — ірі қара малдар бүркуден өткізіліп, 88 030 бас уақ малдар тоғытылды.
Қала аумағындағы ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала аумағындағы 715 400 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілсе, 126 400 бас жануардан диагностикалық қан сынамасы алынды.
16 404 бас уақ малдан, 12 386 бас ірі қара малдан, 2 118 бас жылқыдан алынған төлдер сырғаланып, құжаттандырылды.
Қазіргі таңда мал шаруашылығы саласы бойынша да өсім байқалуда.
Атап айтсақ, ірі қара мал саны – 67,3 мың бас, қой, ешкі — 80,7 мың бас, жылқы — 10,8 мың бас, құс — 807,6 мың басқа жетті.
Нәтижесінде өнімділік 6 пайызға өсіп, 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.