Биылғы жылы 27,0 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егу жоспарланып, бүгінгі күнге 26,8 мың га егілді.
Оның ішінде: 10,9 мың га дәнді дақыл, 3,4 мың га майлы дақылдар, 3,0 мың га көкөніс бақша, 0,5 мың га картоп, 9,0 мың га мал азықтық дақылдар егілді.
Егістік алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 500 тн жанар-жағармай қарастырылып, 360 тонна жанар-жағармай шаруалардың қажеттіліктеріне байланысты үлестірілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлінарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді.
Бүгінгі таңда, көкөніс өнімдерін сататын 100 жылжымалы әлеуметтік сауда орындары белгіленіп, орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың соңына дейін әлеуметтік сауда орындарының саны 300-ге жеткізілетін болады.
Шымкент қаласында жыл басынан баға индексі 103,9 пайызды құрады. Яғни өңірлер арасында азық-түлік тауарларының қымбаттау жағынан 14 орында.
Ағымдағы жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексін 10 – 12 орын аралығында ұстап тұру жоспарлануда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімін алдын-алу шаралары:
— Кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат есебінен әлеуметтік сауда орындарының санын ұлғайту;
— Жылжымалы әлеуметтік көкөніс нүктелерімен қамтамасыз ету;
— Маусымаралық кезеңде форвардтық келісім-шарт негізінде көкөніс өнімдерін белгіленген бағада сату;
— Делдалдық қызметті шектеу шаралары.