Қазір құрылыс-монтаждау бойынша зауыттың 85% құрылыс жұмыстары орындалған. Медициналық жабдықтар, соның ішінде керуерт пен шкаф жиһаздарын шығаратын зауыт «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқанын айта кетейік.
Жылына 250-ден аса медициналық жиһаз жасап шығаруға қауқары бар кәсіпорынға 208 миллион теңге инвестиция тартылды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлерге ашық және жылдам жер бөлудің тиімді әдістерін әзірлеу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар бірнеше тапсырмалар берген болатан. Олара
- Медицина саласына қомақты қаржы құю керек.
- Бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс.
- Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет.
- Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті.
- Сондықтан, медицина өнімдерін Зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек.
- Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн.
- Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладағы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек.
- Отандық тауар өндірушілермен жасалатын оффтейк келісім шарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет.
- Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет.
- Денсаулық кепілі – дене шынықтыру.
- Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын.
- Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс.
- Сонымен қатар бизнес өкілдері әкімшілік кедергілерсіз, заңды түрде учаскелер алуы керек деген болатын.
Осыған орай бүгінде зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы индустриалды аймақтан жер телімімен және дайын инфрақұрылыммен қамтылған. Нысан іске қосылған кезде 25 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі