Жыл басында қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізіліген болатын. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 24 орталық магистрал көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінде Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралықтағы орталық Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар, магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды. Сондай-ақ, көше бойымен жол таңбалары сызылды.
Биыл мегаполисте жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 297 көше орташа жөнделеді. Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды іске асырылуда. Жыл соңына дейін атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 67,4% пайыздан 71,2% пайызға артады.
Еске сала кетейік, жол сапасы еліміздің әр тұрғынын алаңдатады. Жол – экономиканың күретамыры, өңірлерді дамытудың ең маңызды шарты және өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіру қажет», деген вице-спикер жол сапасының төмен болуының объективті де, субъективті де себептері бар екенін атап өткен болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдымызға қойған басты мақсаттың бірі – 2025 жылы республикалық желі бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 100 пайызға дейін жеткізу. Ал жергілікті жол желілері бойынша 95 пайызға дейін жеткізу.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі