1 .Гагарин көшесі мен Кремлевская көшесінің қиылысы жартылай жабық (“Жабық базар” маңы) _ (31-қыркүйекке дейін)_
2.Сапарбаев-Орынбаев көшелерінен бастап Маметов-Орынбаев көшелерінің киылысына дейін жартылай жабық (31-қыркүйекке дейін)
3.Ерімбетов көшесі мен Рысқұлов көшесінің қиылысынан бастап 18-ші мөлтек ауданында орналасқан аллеяға дейін жартылай жабық /31-қыркүйекке дейін/
4.Республика даңғылы — Аскарав көшесінің қиылысынан бастап Мангельдин көшесінен Асқаров көшесіне дейін жартылай жабық _/15-тамызға дейін/ _
5.Тәуке хан көшесі мен Байтұрсынов көшесінен бастап Байтұрсынов-Іляев көшелерінің қиылысы жартылай жабық /15-тамызға дейін/
* Қуатжылуорталық-3” мекемесі тарапынан ағымдағы жөндеу кезінде толық жабылған көшелер жоқ.
* Жартылай жабық көшелердің шетінде жөндеу жұмыстары жалғасуда*
Еске сала кетейік, Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау жұмыстары қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрақты қадағалауында. Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар.