Түркістан облысы егін мен малға ең қолайлы жерлерімен бай өлкелердің біріне жатады. Табиғаты тамаша, ауа-райы да қолайлы мекендердің біріне – Түлкібас ауданын жатқызуға болады. Оңтүстік өлкеде халқ еңбекқор келеді. Таңның атысымен жұмыстарын бастап, күннің батысымен еренбей еңбек етумен өткізеді. Түлкібас ауданында суармалы жерлерідің де көбейіп жатқаны қуантады. Қазақ халқының маңдайына жазылған жақсылығы болар, барлық өңіріміздің табиғатының тамашалығы жетеді. Соның ішінде Түлкібас ауданының табиғатының ерекшелігі, байлығы жоғары болып қала бермек.
Ауданымызда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан және демеушілір есебінен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды іске асуда. Осы орайда, Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округіндегі «Жаңа» каналы іске қосылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Каналдың жалпы ұзындығы 4,5 шақырым. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аталмыш каналдың 1,5 шақырымы «Казсушар» РМК Түркістан облысы филиалы арқылы жөндеуден өтсе, 3 шақырымына демеушілер есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда жөндеуден өткен «Жаңа» каналы арқылы Арыс ауылдық округінің 70 гектар ауылшаруашылығы бағытындағы жерлері ағынды сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай ақ, осы бағытта демеушілер есебінен аудан аумағындағы 41 шақырымнан астам каналдар жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарын ағынды сумен қамтуда.
Ауданда суармалы жерлердің көлемін 1115 гектар ұлғайту мақсатында жобалық сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджет есебінен ұзындығы-15,3 шақырым (нысан өтпелі 2020ж толығымен аяқталады), облыстық бюджет қаржысы есебінен ұзындығы 13,6 шақырым су нысандарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 90 пайызы іске асты.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жатқан Түлкібас ауданын жыл сайын даму үстінде. Бұл аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршіліктері де жақсарып жатқан жайы бар.