Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. Сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс.
Бұл ретте Мемлекет басшысысы бірқатар тапсырмалар жүктеп, нәтижелі мемлекеттік бағдарламаларды бекітті. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде Шымкентте бүгінде 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.
Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен-, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі .
Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ға жетті.
Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілген болатын. Ақшалай қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен және т. б. айналысатын азаматтарға конкурстық негізде берілетін болады делінген еді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі