Бүгін Тұран ауданына қарасты көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен кезекті рет кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің м.у.а. А.Бекбол мен әкім орынбасарлары, Тұран ауданының Прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Кездесуде 6 сектор аумағында орналасқан Абай даңғылы– Қошқар ата өзені – Республика даңғылы – Исмаилов көшелері аралығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің мәселелері талқыланды деп хабарлайды Тұран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі аппараты тарапынан аталған аумақта ағымдағы жылы 3 ашық спорт алаңшасына (Ю.Гагарин көшесі №18, 36, Павлов көшесі №4 көп қабатты тұрғын үй аумағы) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, Жарқымбеков көшесі №17 көп қабатты тұрғын үй ауласыга жаңадан 1 балалар ойын алаңшасы орнатылды.
Сонымен қатар, 3 балалар ойын алаңшасында (Ю.Гагарин көшесі №40, Исмаилов көшесі №24, Ә.Молдағұлова көшесі көшесі №44 көп қабатты тұрғын үй аумағы) ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, аяқталу барысында.
Қазіргі уақытта 6 сектор аумағында 37 қоқыс алаңшасы 154 қоқыс контейнер бар.
Ағымдағы жылы қоқыс алаңшаларын және тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін жаңарту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз атанған «Sana Global» ЖШС мердігер мекемесімен дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жаңарту жұмыстары қазан айының соңына дейін толық атқарылатын болады.