Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында қалалық маңызы бар 9 көше орналасқан. Қазіргі уақытта аталған әр көшеде тәулігіне шамамен10 мыңнан астам көлік қатынауда. Соның бірі жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі. Аталған көше Түркістан бағытына қатынайтын негізгі көшелердің біріне айналып отыр.
Күнделікті он мыңдаған көлік қатынайтын көшенің санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, арнайы мекемелер мен мердігер мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылды.
Санитарлық тазалау жұмыстары барысында жол жиектері мен ирригациялық жүйелер тазаланып, шөп ору және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар ретке келтіріліп, ретсіз сауда орындары жойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Темірлан тас жолы бойында жалғасын тапты. Аталған жұмыстар тиісті мекемелердің бақылауына алынып, дер кезінде қадағалануда.
Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік — аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.
Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
Аудан тұрғындарының жалпы саны – 322 911адам.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі